ШҰҒЫЛ! БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЕКПЕ - ТҮРЛІ ДЕРТТЕН САҚТАЙДЫ!

17:07, 11 қаңтар 2018

Балаға екпе салғызбайтындардың қатары жыл санап артып келеді. Мәселен, бала туғаннан кейін қойылатын БЦЖ екпесінен бас тартқан ата-ана саны-2016 жылы алтау болса, 2017 жылы 26-ға жеткен. Ал, жалпы вакцинация бойынша, өткен жылы 318 ата-ана екпеден бас тартқан. Жұртты вакцинадан шошытып отырған мәселенің бірі-екпенің сапасына деген сенімсіздік. Егуден соң бала сал болып қалуы мүмкін деген алыпқашпа әңгімелер. Жиынды ұйымдастырушылар ата-аналардың бұл пікірлерін теріске шығарып, керісінше екпе салынбаса, балалар арасында түрлі індеттің таралуының артатындығын алға тартуда.  

Ата-аналардың екпеден бас тартуына тағы екі үлкен себеп: діни жат ағымдар мен  ғаламтор. Діни наным-сенім негізінде бас тартқандар, екпе баланың науқастануына немесе денсаулығына кінәрат келтіреді деп ойлайды. Сондай-ақ, интернет желісіндегі «екпенің қаупі» жөнінде еш дәлелсіз келтірілген болжамдар мен үгіт-насихаттар да кері әсерін тигізуде. 

Қазақстанда балаға салынатын екпелер сәбиді болашақта 21 түрлі аурудан қорғайды. Сондықтан, дәрігерлер біздегі екпені әлемдегі ең пайдалы әрі сапалы екенін айтып, ата-аналарды балаларының денсаулығына немқұрайлы қарамауға шақырады. Айта кетерлігі, осындай жиындарға екпеден бас тартқан ата-аналардың қатыспауы  өзекті мәселе болып отыр. 

Гүлмира Аманбаева

Тақырып бойынша материалдар

БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
12:50, 19 сәуір 2018
БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
 «ЖАС ҒАБДУЛЛИНШІЛДЕР» ҚАТАРЫ МОЛАЯ ТҮСТІ
12:23, 19 сәуір 2018
«ЖАС ҒАБДУЛЛИНШІЛДЕР» ҚАТАРЫ МОЛАЯ ТҮСТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТА ТҮСТІ
12:22, 19 сәуір 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
12:46, 17 сәуір 2018
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
Толығырақ...