ШҰҒЫЛ! БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«ЭКСПО-2017». ИННОВАЦИЯ ИІРІМДЕРІ

17:17, 20 сәуір 2017

Халықаралық мамандандырылған "ЭКСПО" көрмесі қарсаңында "Болашақтың инновациясы" тақырыбымен стартап-жобалардың техникалық эстафетасы өтті.

Халықаралық мамандандырылған "ЭКСПО" көрмесі қарсаңында "Болашақтың инновациясы" тақырыбымен   стартап-жобалардың техникалық эстафетасы өтті. Іс-шараны "Нұр отан" партиясы Ақмола облыстық филиалының қолдауымен, облыстық ішкі саясат басқармасы  және «Казахстан инновейшн” қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастырып отыр.

Көрме қонақтары ақмолалық  өнертапқыш-ғалымдар мен жастардың  алуан түрлі инновациялық жобаларын тамашалады. "Нұр отан" партиясы филиалы өкілдерінің айтуынша, аталмыш көрме - ақмолалықтардың бай әлеуетін көрсете отырып, халықаралық деңгейдегі ғылыми және экономикалық кеңістікке беттеуге зор мүмкіндік береді. Шара аясында  Қазақстанның құрметті сәулетшісі  Бурабай Марамов өзінің бірнеше жобасын ұсыныпты. Соның бірі жануарларға арналған жылжымалы қора.

Бурабай Марамовтың әр жобасы аграрлы Ақмола аймағы үшін өте маңызды. Ал Щучинск қаласы жоғары колледжінің студенті Никита Ремизов көрме қарсаңында ұстазы Сұңғат Ысқақовтың  ғылыми жетекшілігімен "Ақылды үй" жобасын ұсынып отыр.    

Техникалық эстафета аясында өнеркәсіптік роботтар, трансформерлі шатырлы баспана,  тігінен жасалған айналмалы жылыжай, жергілікті жеміс жидектен жасалған табиғи азық-түліктер бояғыштарын өндіруге арналған технология сынды бірқатар қызықты жобалар бар. Мұндағы әр инновациялық жоба мықты әлеуетті инвесторлардың назарына іліксе нәтижесі жаман болмас еді.

Раушан Сайлауқызы, Әсел Әутәліпова, Данияр Жұмагұлов

Тақырып бойынша материалдар

АРДАГЕР САМБОШЫЛАР МАРОККО ЕЛІНДЕ КҮШ СЫНАСПАҚ
20:17, 20 сәуір 2018
АРДАГЕР САМБОШЫЛАР МАРОККО ЕЛІНДЕ КҮШ СЫНАСПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
12:46, 17 сәуір 2018
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
Толығырақ...