ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

ЕЛ БЕРЕКЕСІНЕ АЙНАЛҒАН БАСТАМА

15:02, 24 мамыр 2019

РКС:  Бағдарламада ел ертеңі – жастардың жоғары білім алуына жаңа мүмкіндіктер қарастырылған. Әлеуметтік бастаманың үшінші бағытында студенттер үшін қосымша 20 мың грант бөлініп, 75 мың орындық жатақхана салынады делінген. Бұл игі бастамалар әрине мектеп  оқу бітіруші талапкерлерге үлкен мотивацияға айналып отыр.   

СНХ: ӘЛІБЕК БАЛТАБАЙ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ /// Елбасының  бес әлеуметтік бастамасы қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған. Жастарға мемлекет тарапынан көптеген көмек берілуде. Мәселен жатақхана , мемлекеттік гранттар, сондай-ақ, тұрғын үй яғни баспана алу мүмкіндігі қарастырылуда. Біз берілген  жағдайларды тиімді пайдалануға тырысудамыз. 

РКС: Елбасының үшінші бастамасы – жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартуды көздейді. Қазіргі таңда жоғары оқу орындары мен колледж студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.

СНХ:АЙБОЛ ОРАЗБЕК, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ //// Мен, жоғары оқу орнының студенті болғандықтан, Тұңғыш-президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы  бағдарламасын қолдаймын. Биылғы жылы жастар жылы деп жарияланып отыр. Жастардың барлық саласын дамытып қолдау көрсетіліп отырғаны қуантады. Мен өзім Қызылорда қаласының тұрғынымын. Бүгінде Көкшетау қаласында жоғары жоғары оқу орнында тегін білім алып, шәкіртақы төленуде. Болашақта өз маманды жақсы  меңгеріп, сауатты маман иесі болуға тырысамын.         

РКС:Мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктер аясы бүгінде кеңеюде деуге толық негіз бар. Бес әлеуметтік бағдарламаның әр бағыты  соған дәлел. 

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:26, 18 маусым 2019
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНД...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСАТЫ
19:06, 18 маусым 2019
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар