ШҰҒЫЛ! ЕЛИЗАВЕТА СИНЕЛЬНИКОВА - ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ Толығырақ

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТУҒАНЫНА - 1150 ЖЫЛ!

15:50, 8 қараша 2019


Көкшетау гуманитарлық-техникалық академиясында Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ғасырлар даналығы»  атты дөңгелек үстел өтті. Ұлы тұлғаның ғылымға қосқан үлесі туралы әңгімелеуге бағытталған кездесуде оның өмірінен қысқаша баяндамалар да оқылды.

Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, астроном, математик, ботаник, физик, әрі музыка саласын зерттеген Әбу Насыр Әл-Фараби 870 жылы  Отырар қаласында дүниеге келген. Міне, бүгінде ұлы ғұламаға 1150 жыл толып отыр. Әл-Фарабидің рухани мұрасын сақтауға, зерделеуге және насихаттауға бағытталған жұмыстар қарқын алуда. Осы ретте гуманитарлық-техникалық академия студенттері арасында ұлы ойшылдың құрметіне ұйымдастырған  дөңгелек үстелдің әлеуметтік мәні зор  әрі жастарға берер тәлімдік-тәрбиелік маңызы орасан.

ЕСБОЛАТ ДҮЙСЕНБАЕВ, ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

Бұл дөңгелек үстелдің тақырыбы да «Ғасырлар даналығы» деп аталады. Себебі, орта ғасырларда Әл Фарабиден асқан дана болған жоқ. Бұл ғалымның еңбектері әлі толық зерттеліп болған жоқ.  Осы еңбектерін әлі де тереңдедіп зерттей түсу бұл болашақ жастардың ісі. Сондықтан, осындай дөңгелек үстелді ұйымдастыру арқылы жастарға тәрбие беру үшн, жастардың болашаққа деген ынтасын артыру үшін жасап отырмыз.

Жиын барысында Академия студенттері үшін Абу Насыр Әл-Фараби туралы мәліметтер топтастырылған қысқаша бейнематериалдар көрсетілді. Ал, олар өз кезегінде, ұлы ғұлама жайында  дайындаған баяндамаларымен таныстырып, оның өмір жолынан, ғылымға қосқан үлесінен сыр шертті.

Авторы: Айгүл Бекетқызы

Операторы: Павел Соловьев

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
16:59, 13 қараша 2019
БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
16:17, 13 қараша 2019
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
16:15, 13 қараша 2019
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
17:36, 12 қараша 2019
БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
Толығырақ...