ШҰҒЫЛ! ҰЛТТЫҚ КЛАССИКА ЖАУҺАРЫ САХНАЛАНДЫ Толығырақ

«ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ!»

16:17, 14 қараша 2017

Лидия Власенко – 1940 жылдың 9-шы ақпанында дүниеге келген. Еңбек жолын орта мектепті тәмамдаған соң, Көкшетау тігін фабрикасынан бастаған. Кейін, 1984 жылы фарфор зауытына ауысып, зейнет жасына дейін сонда еңбек еткен. Үйде отырған сәттен бастап сәндік – қолданбалы өнермен айналыса бастаған. Түрлі байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленген. Туындыларының ерекшелігі – суреттерін қарындаш пен бояудың көмегінсіз, қарапайым ине-жіппен салады. 
Көздің жауын алатын туындылардың көбі туған жердің тамаша табиғатын суреттейді. Көрменің «Жерұйық» деп аталуы да сондықтан болар. Картиналардың атауы сан алуан. Тізбектесек, «Бурабай», «Көкшетау», «Қыз қуу», «Бәйге», «Алғашқы қар», «Құлагер» деген сияқты. Әрқайсысы өзінше бір әдемі. Сондай-ақ, көрмеге қойылған заттардың ішінде тоқыма жұмсақ қуыршықтар мен моншақтардан жасалған әшекей бұйымдар да бар. 
Айта кетейік, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан құрылған сәндік-қолданбалы қолөнер қауымдастығы қолөнер бұйымдарының оныншы көрмесін өткізді. Алдағы уақытта осындай игі шаралар жанды жалғасын таппақ. 
Гүлмира Аманбаева

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ БАҒЫТ!
19:10, 20 шілде 2018
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ БАҒЫТ!
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ. ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК!
19:10, 20 шілде 2018
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ. ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар