ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ЕЛ КЕЛЕШЕГІ ЖАСТАР ҚОЛЫНДА

15:30, 11 қыркүйек 2019

«Жас отан» жастар қанатының тізгіндеуімен «Jastar-Otanga» республикалық белсенділер саяси лагері өтіп, қатысушылар Щучинкс қаласында бас қосты. Еліміздің әр түкпірінен келген түрлі саланың майталман жастары білімдерін жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасып, тамаша табиғат аясында рухани демалып қайтты.    

Бұл жерде ең белсенді жастар жиналған. Олар 5 күн бойы уақыттарын қызықты өткізетін болады. Толығырақ мен, Тұмарым Бабасанова сюжетте тарқатамын.

«Жастар Отанға!» атты саяси жастар лагері биыл 11-рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы жас отандықтар ең белсенді жастарды жинап, Бурабай баурайына жайғасқан. 170-ке жуық қатысушының басын қосқан саяси-париоттық жоба белсенділерді қолдап, ел келешегін дәріптеу арқылы жастар саяси резервін құруды көздейді. «Жастар Отанға» бағдарламасының маңызына бойлау үшін «Жас Отан» ЖҚ-ның төрағасы Дәулет Кәрібекті сөзге тартқан болатынбыз. Ол:  «Әр азамат ел келешегінің өркендеуіне үлестерін қосу керек» -дейді.          

ДӘУЛЕТ КӘРІБЕК, «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ

Менен кейін бұл мемлекет бітпеу керек. Менен кейін менің де жалғасым бітпеуі қажет қой. Бізге сол үшін барлығын жастарға түсіндіру керек. Сонымен қатар, өткендегі еріктілік көрсетіп жүрген, Арыста болған, көптеген ардагерлерге көмектескен жастарды да осы жерге мативация үшін жинап отырмыз. Олар да көрсету керек. Елге беріп жатқандығын. Яғни, елге көмектесіп жатқандығын. Ары қарай тарқатуымыз керек.

Жоба барысында саяси менеджмент, жобаларды ұйымдастыру сынды тақырыптарда тренигтер өткізіліп, жастар танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, өнер, спорт, бизнес салаларында жетістікке жеткен тәжірибелі мамандармен кездесіп, пайдалы дәрістерге қатысты. Жалынды жастар бұл лагерьдің  идеяларының ортаға салынып, ары қарай жүзеге асырылуына деген зор мүмкіндік екендігін айтады.

РИНАТ ГИЛАЖЕВ, ҚАТЫСУШЫ (АТЫРАУ ҚАЛАСЫ)

Жылда осы лагерьдің жанында бір жоба немесе тың бір идея пайда болады.Соның жүзеге асып жатқанын бір жылдан кейін көріп жатамыз. Яғни, бүгінгі лагерьде осындай жастарға пайдалы, жастардың әлеуетін арттыратын, тың жобалар пайда болып, солар өз діттеген жеріне жетеді деген ойдамыз.

Лагерьде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те жалынды жастармен жүздесті. Кездесуде студенттердің жағдайы, еліміздегі жемқорлық мәселесі, халықтың хал-ахуалы сынды әлеуметтік маңызы бар тақырыптар көтеріліп, белсенді жастар сауалдарына жауап алды. Олар бұл жолғы лагерьде еріктілердің басымдығын айтады.

ЕРКЕБҰЛАН АҚБОЛАТОВ, ҚАТЫСУШЫ (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ)

Ұйымдастырушылар тарапынан еріктілердің қатысып отырғандығын атап өткім келеді. Себебі келер жыл еріктілер жылы болғандықтан, бүгін елімізде еріктілер қозғалысының дамып жатқанын осы бүгінгі лагерьден көруге болады, байқауға болады.

Белсенді жастар білімдерін жетілдіріп қана қоймай, тамаша табиғат аясында демалып, жоспарланған 5 күндік уақыттарын қызықты өткізді. Тауға серуендеу, кинокеші, квест ойындары, спорттық жарыстар сынды шаралар да ұйымдастырылып, қатысушылар рухани азық алып қайтты.

ТҰМАРЫМ БАБАСАНОВА САБЫР ҚҰЛАТАЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...