ШҰҒЫЛ! ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН! Толығырақ

ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР!

18:37, 12 маусым 2019

РКС: Ел үмітін арқалаған Қасым-Жомарт Кемелұлы жылдар бойы Қазақстанның сыртқы саясаттағы мүддесін білдіріп, ядролық қаруды таратпау жөніндегі қазақ мемлекетінің бастамасын әлемге әйгіледі. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі, Премьер-министрі, Парламент Сенатының төрағасы қызметтерін атқарды.

СНХ: ЫРЫСБАЙ УӘЙІСОВ, КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ  ЖАНЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ /// Қасым-Жомарт Кемелұлының белгілі саясаткер екенін баршамыз білеміз. Оның дипломатиялық қызметі барша әлемнің мемлекет басшыларына таныс. Ол біздің республикамыздың тұрақты даму саясатын жалғастырады деп ойлаймын. Президенттің сайлауалды бағдарламасының толық  орындалуына сенімдімін.

РКС: Тыныштық Мұқатқызы Ахметова 1975-1980 жылдары Қазақ Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесі 9-шы шақырылымының депутаты болыпты. Сол жылдары Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай мен Сингапурдағы Кеңес елшілігінде алғашқы дипломатиялық тәжірибесін жинақтаған еді. Парламентарий ретінде жаңа сайланған ел Президентінің әкесі, журналист, қаламгер  Кемел Тоқайұлының мақалаларын қалт жібермейтінмін, - дейді ардагер ұстаз.

СНХ: ТЫНЫШТЫҚ АХМЕТОВА, АРДАГЕР ҰСТАЗ /// Мен таңғы сағат жетіде сайлау учаскесінде алғашқы болып Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс бердім.  Ол өз қызметін қатардағы мемлекеттік қызметшіден бастап, Біріккен Ұлттар Ұйымына дейін еліміздің мүддесін қорғады. Мен ұстаз ретінде оның қызметіне жоғары баға беремін.

РКС: Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында қызмет атқарды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер Министрлері Кеңесінің төрағасы болды. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы парламенттік Ассамблеясының вице-президенті болып сайланды. Мол дипломатиялық тәжірибемен ел тізгінін қолына алған азаматқа ел тұрғындарының да сенімі зор. Президент инаугурациясына куә болған барша жұрт жаңа басшыға «ақ жол» тіледі.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БІЛІМ – ДАМУ  КЕПІЛІ
18:41, 23 тамыз 2019
САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БІЛІМ – ДАМУ КЕПІЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ  ЫНТАДАН!
14:56, 21 тамыз 2019
ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН!
Толығырақ...
ҚОРҒАЛЖЫННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ
18:32, 22 тамыз 2019
ҚОРҒАЛЖЫННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...