ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА

19:55, 11 шілде 2018

 

Тілші: Мемлекет басшысы алдымен құрылыс жүріп жатқан нысандарды аралады. Бурабайда жаңа мешіт пен ірі қонақ үй кешені салынуда. Ал "Бурабай-Даму" визит орталығында Бурабай кентінің бас жоспары мен жоба бойынша салынатын нысандар туралы айтылды. Бірнеше демалыс және сауықтыру орталықтарын тұрғызу жоспарда бар. Щучинск қаласындағы шаңғы базасы. Бұл 37 миллиард теңге жұмсалған, 11 жыл салынған ауқымды жоба. Биатлонға арналған бөлігі көктемнен бері жұмыс істеп тұр. Ал трамплин жақын арада ашылмақ. Бұл жерде халықаралық жарыстарды өткізуге болады. Барлық стандарттарға сай. Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиындары да осында өтпек.  

СНХ: МИРКО ГОРНИК, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

12 жарым шақырым жол бар. Оның 7 километрі биатлон трассасы. Ал 4,5 шақырым шаңғы-роллер жолағы. Бұл жерде тек қана трамплин емес, тұтас бір кешен. Құрылысқа 11 жыл кетті. Жалпы аумағы 125 гектарды алып жатыр.

Тілші: Мемлекет басшысының қатысуымен жиын өтті. Онда елімізде туризмді дамыту бағытындағы тапсырмалардың жүзеге асу барысы баяндалды. Қазір "Туристік Қазақстан" деген мемлекеттік бағдарлама әзірленуде. Ол 7 негізгі бағытты қамтымақ.

СНХ: АСҚАР МӘМИН ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Біздің басты міндетіміз экономикадағы туризмнің үлесін 2023 жылы дейін 8 пайызға жеткізу. Қазір бұл көрсеткіш 1,9 - процент. Бірқатар талқылаулардың негізінде барлық өңірлермен бірлесіп "туристификация картасы" жасалды. Осы карта 10 аймақ пен 60 нысан енгізілді. Қазіргі жағдай мен әлеуетін ескеріп 10 негізгі аймақты анықтадық. Олардың дамуын республикалық деңгейде үйлестіреміз.  

Тілші: Щучье-Бурабай курортты аймағының дамуы жеке қаралды. Жыл сайын "Қазақстанның Швейцариясына" келушілер саны артуда. Биыл 1 миллион 200 мың болады деген жоспар бар. Аймақты жыл он екі ай қызмет көрсетуді орын ретінде қалыптастыру қолға алынды. Ірі іс-шараларды осында өткізу басталып кетті. Мәселен, балалардың халықаралық шығармашылық фестивалі ұйымдастырылған. Ал осы сенбіде "Біржан-Сара" операсы ашық аспан астында қойылмақ.

СНХ: АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ

Үкіметпен Щучье-Бурабай курортты аймағын дамытудың 3-інші кезеңі бекітілді. Оған көлік-логистика, инженерлік-инфрақұрылымдық сұрақтарды, экологиялық мәселелерді және қауіпсіздікті қамтамасыз етуді шешу енгізілген. Бюджеті - 61,4 миллирад теңге. Республикалық - 58 миллиард. Облыстық 3,1 миллиард теңге. Бюджеттік емес - 27 миллион. Жобаларды жүзеге асыру аясында 180 миллиард теңге жеке инвестиция тарту көзделген.       

Тілші:  Бүгінде курортты аймақта бірнеше ауқымды жобалар жүзеге асуда. Бурабай кентінен өзге де орындардың мүмкіндіктерін кеңінен қолданылмақ. 

СНХ: МӘЛІК МЫРЗАЛИН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Шабақты өзенінің солтүстік жағалауында 230 гектар аумақта "Ақ буба" атты жаңа курортты қалашық салу жоспарда бар.  Ал Бурабай кентінде бүгін применада жобасы бастау алды. Ол серуендеуге арқалған жаяу жүргіншілер жолағын қамтиды. Таунхауздар мен конгресс-орталық салынатын болады. Тағы бір үлкен жоба - ол Щучье көлінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен коттежддік қалашық саламыз.  

Тілші: Еліміз туризмді түлетуді енді ғана қолға алған жоқ. Бұған дейін кешенді дайындық жұмыстары жүргізілді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Астана-Бурабай тас жолы салынды. Көкшетаудың әуежайы жөнделді. Енді Бурабайдың ішкі инфрақұрылымына назар аударылды. 

СНХ: НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Егерде барлық объектілерге біз су әкелетін болсақ, электр жүйесін әкелетін болсақ, жылу, канализация әкелетін болсақ, мемлекеттің туризмге істейтіні сол болады. Оны басқа ешкім салмайды. Сонда инвесторлардың келуіне мүмкіншілік жасалады. Оның үстіне оларға приференция беріп, жеңілдік жасайтын болсақ, налог жағынан ол да жақсы. Мынау Риксос 5 жылдызды гостиницасы алып келіп елді біз үйреттік Бурабайға келуге. Сондықтан қазір көп жұмыс істейтін жағдай келді.

Тілші: Елбасы кадр дайындауға ерекше көңіл бөлу керектігін атап өтті. Қызмет көрсету сапасы жақсармай, туризмді дамыту мүмкін емес. Ал бұл жұмысты сапалы мамандар атқару тиіс. Алдағы уақытта Астанада халықаралық туризм университеті ашылуы мүмкін.

СНХ: НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Бурабайда өткізілетін неше түрлі іс-шаралар болады. Дүниежүзілік, халықаралық. Бурабай кентінің ішін жөндеу керек. Елдер қыдыратын жерлер болу керек. Көлге түсетін пляждың жағалауын тазалау керек. Содан кейін туристік нысандар бәсекеге қабілетті болу үшін ауыл шаруашылығында сияқты субсидия беруді қарастыру қажет. Сонда Ресейден, Орта Азиядан, елімізден туристер көп келеді. Қазірдің өзінде Бурабайда орын жоқ. 

Тілші:  Бурабайдан бөлек, Имантау-Шалқар аймағы, Түркістан қаласы, Шарын шатқалы, Алакөл маңы туристік өңірлер ретінде дамымақ. Ал Бурабайда демалушылар саны алдығы 5 жылда 3 миллионға жеткізу тапсырылды.

Ермек Елберген

 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
14:16, 13 желтоқсан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
19:53, 6 желтоқсан 2018
«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...