ДК: Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамаларының барлығы қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеріп, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Басты мақсат қойылған міндеттерді іске асырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру.
РКС: Елбасының бес әлеуметтік бастамасы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Яғни, бұл ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құрамы болып табылады. Қазіргі таңда біз әлеуметтік жаңғыру жолында ауқымды қадам жасауға дайынбыз, дейді Елбасы.
СНХ: РАУШАН ЕРМЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ Халықтың мемлекеттен, Елбасыдан қолдау алатыны өте маңызды. Елбасының үлкен жұмысын атап өткім келеді. Ол ел экономикасының дамуына айырықша үлес қосты. Жастар үшін жаңа жатақханалар салынатыны маңызды. Жаңа оқу жылында оқуға түсушілер үшін қосымша гранттар бөлінеді.
РКС: Бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Күрмеуі қиын мәселені шешу үшін Тұңғыш Президент – Елбасы барлық жоғары оқу орындарымен колледждерге жаңа жатақханалар салуды тапсырды.
СНХ: АРУЖАН ДӘУРЕНБЕКОВА, «БУРАБАЙ» КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ Елбасы жоғары оқу орындары мен колледждерге жатақханалар салу жөніндегі жұмысты өрістетуді тапсырды. Бұл бастама ата-аналарды ерекше қуантты. Себебі, балаларының жайлы жерде тұрып, сапалы білім алуларына жаңа мүмкіндіктер беріліп, жол ашылуда.
РКС: Баспаналы болудың жаңа мүмкіндіктері, салықтарды төмендету, қолжетімді және сапалы білім беру, шағын несие берудің жолдары , елді газдандыру. Тұтастай алғанда осының барлығы халықтың әл-ауқатын көтеріп, дамыған 30 елдің қатарынан көрінуге жол ашары сөзсіз.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ.