ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ КЕЛЕШЕГІ

15:20, 6 қаңтар 2020

 


Елбасы бастамалары - жемісті нәтижесін берген маңызды құжаттардың бірі.  Мәселен, сол арқылы жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мән берілді. Қосымша 20 мың грант бөлінді. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтарға арналған.

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы техникалық маман иелерін көбейтуді көздейді. Бұл ретте инженер, ақпараттық технология, роботехника, нано технология саласындағы мамандықтарға басымдық берілуде. Нәтижесінде – заман талабы мен сұранысына сай мамандықтар оқытылады.

НИКОЛАЙ ГАРЕЕВ  Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ

Тоғызыншы сыныптан кейін оқуға түстім. Маған әрдайым техника ұнайтын. Болашақ мамандығымды да сонымен байланыстырдым. Мұнда студенттің білім алуы үшін қажетті жағдайдың барлығы  жасалған. Тегін жатақхана, ақысыз білім, ыстық тамақ, жоғары шәкіртақы.

Білім беру жүйесін әлемдік стандартқа сай құра отырып, оның сапасына үлкен  мән беру керек. Көкшетаулық ұстаздар жаңа жобаларды қолға алмас бұрын, Елбасы айқындаған бес әлеуметтік бастаманың орындалуын қадағалайды.

ЖАННА ӘУБӘКІРОВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Мен өз жобаларымда Елбасы міндеттеген бес әлеуметтік бастама үш тілділікті қолдайтындығын айтып өткен болатынмын. Бұдан бөлек, менің мақсатым ұстаздарымыздың таным көкжиегін кеңейту. Өйткені, ел келешегі – білімді ұрпақты тәрбиелейтін алдымен сол мұғалім екенін ұмытпаған абзал.

Айта кетейік, білім беру жүйесін дамытумен қатар, студенттердің басты баспанасы жатақхана санын ұлғайту да көзделуде. 2022 жылға дейін кемінде  75 мың орынға арналған студенттік үй салынбақ.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ЖАМАЛ ГАБДУЛЛИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, «КОКШЕ-АКПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...