ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. ЕЛДІК МҮДДЕ – ИГІЛІК БАСТАУЫ

14:41, 11 маусым 2019

РКС: Елбасы бес әлеуметтік бастамасында әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін жария етті. Бұл өмірлік маңызы бар мәселе. Өйткені, елімізде соңғы жылдары халық саны өсіп келеді. Жыл сайын үйленіп жатқан жастарымыздың да қатары толығуда. Ауылдардан қалаға көшіп келіп жатқан жастар легі де жетерлік. Міне, осы тұрғыдан келгенде Елбасы тұрғын үй ипотекасына қол жеткізу мүмкіндіктерін арттыру үшін өте маңызды қадам жасап, біз сияқты жастарды қуантты,-дейді

СНХ: СҰЛТАН МӘЛІКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ  // Бес әлеуметтік бастама – нақты міндеттері мен халық үшін тиімді ұсыныстары бар әлеуметтік бағдарлама. Оның қаржыландыру көзі де айқын, нақты орындалу мерзімі де бекітілген. Бағдарлама негізінен халықтың әлеуметтік әлжуаз тобының баспана мәселесін шешуге бағытталған. Бұл бүгінгі таңдағы ең өзекті тақырып. Мәселен, жас отбасылар үшін баспананың қолжетімділігі артып отыр. ///

РКС: Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамалар негізінде жалақысы төмен жұмысшыларға салықтық же­ңіл­діктер жасау, жастардың білім алуы және жатақханамен қамтылуына байланысты орындалатын міндеттер мен ынталы адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсету көзделген. Б

СНХ: АЯН ЖҰМАҒҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ» ҚОРЫНЫҢ КРЕДИТТІК МЕНЕДЖЕРІ  /// Елбасының бес әлеуметтік бастамасы өте ауқымды әрі әлеуметтік жоба. Басты бағыты халқымыздың әл-ауқатын жақсарту. Соның ішінде ең өзекті мәселе – жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын несие беруді көбейту. Міне, Елбасының осындай бастамаларын бәріміз қолдаймыз. Сол үшін жобаға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек. Еңбек етуіміз керек. 

РКС: Ел мүддесі үшін қолға алынған бес әлеуметтік бастама жаңа міндеттер жүктеп отыр. Сондықтан, елдік мүддені өз игілігіміз үшін жаратуға бар күшіміз бен мүмкіндігімізді жұмсауға тиіспіз,-дейді бүгінгі жастар.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ
18:19, 18 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІЛІМ БЕРЕТІН ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ
17:19, 18 қыркүйек 2019
ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІЛІМ БЕРЕТІН ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...