ШҰҒЫЛ! ҰЛТТЫҚ КЛАССИКА ЖАУҺАРЫ САХНАЛАНДЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. ЕЛДІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚҰЖАТ

18:35, 11 шілде 2018

РКС: Мемлекет басшысы әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталған бес бастамасын ұсыну арқылы ел үшін өзекті, жаңа серпін беретін шараларды іске асыруды міндеттеді. Аталған міндеттердің ішінде ынталы адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсету – негізгі жұмыс бағытына айналмақ.

СНХ: ТИМУР НАХИПБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ «АТАМЕКЕН» КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ/// Қаржыландыруға қол жеткізу әсіресе, ауылдық жерлерде қаржыға қол жеткізу қиын кәсіпкерлерге. Сондықтан, кәсіпкерлер палатасының негізгі бес жылдың ішінде қол жеткізген жетістіктерінің бірі – арзандатылған пайызбен ауылдық жердегі кәсіпкерлерге шағын, орта бизнеске несиені беру және қаражаттың көлемін ұлғайту кәсіпкерлер палатасының ұсынысы арқасында жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар ең маңыздысы, қаражатты кәсіпкерге беріп қана қою емес, бірінші біз үйретеміз, содан кейін кәсіпкерге қаржыландыруды беруге болады. +скл+ Елбасының саясатын жүзеге асыру үшін біз бірінші оқытамыз. Оқытып болғаннан кейін барып, қаржыландыруды беру мәселесін қадағалап келе жатырмыз. 

РКС: Ендігі кезекте кәсіпкерлерге берілетін несиенің шарттары мен пайыздары жеңілдей түспек. Бұл әрине, мемлекеттің қолдауына арқа сүйей отырып, өз кәсібін ашқысы келетіндер санының артуына септігін тигізеді.

СНХ: ДИНАРА ӘБДІЛМАНОВА, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ   УНИВЕРСИТЕТІ ПРОРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///Университетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамы Елбасының жаңа бес әлеуметтік бастамасын түсіндіру бойынша жұмыстарды жалғастыра береді. +скл+ Профессорлық-оқытушылық құрамы мен университет қызметкерлері студент жастардың арасында бес әлеуметтік бастама жүйесін іске асыруға дайын. Өйткені, Елбасы атап кеткендей, студент жастар – мемлекеттің қозғаушы күші. Яғни, болашағымыздың тірегі де солар.

РКС: Елбасының ұсынған бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруда жастарға артылатын міндет жүгі салмақты.  «Шағын несие беруді көбейту», студент жастардың жағдайын жақсартатын бастама да ел ішінен қолдау тауып, нәтиже беретіні анық.

АЙЖАН АҚТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ БАҒЫТ!
19:10, 20 шілде 2018
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ БАҒЫТ!
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ. ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК!
19:10, 20 шілде 2018
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ. ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар