ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

16:57, 13 қаңтар 2020


Елбасының бес әлеуметтік бастамасы – нақты міндет пен айқын нәтижеге құрылған әлеуметтік құжат. Әр тапсырма белгілі бір мерзімге дейін орындауға міндеттелді. Бүгінде  халық оның игілігін көруде.

Тұңғыш Президеттің бес әлеуметтік бастамасында жағдайы төмен отбасыларға қолдау таныту, баспана, білім беру жүйесін жаңаша жүйеге көшіру мәселелері сөз болды.

РОЗА БЕКЕНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ ӨНЕРПАЗ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ

Мен білім беру саласында қызмет етемін. Елбасы бастамалары бойынша 2018-2019 жылдары 20 мың грант бөлінді. Бұл студенттерге  жоғары әрі сапалы білім алуларына мемлекет тарапынан жасалған  үлкен көмек. Тұңғыш Президентіміз айтқандай, ел келешегі жастардың қолында. Сондықтан оларға жатақхана салынып, сұранысы жоғары маман иелері дайындалмақ.

Күн тәртібінде тұрған мәселенің бірі де - осы. Студенттерді жатақханамен толыққанды қамтамасыз ету. Мәселенің шешімі ретінде Елбасы студенттер үйлерінің санын ұлғайтуды тапсырды.

РАУШАН ЕРМЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Халықтың  билік тарапынан үлкен қолдауға ие болуы аса маңызды. Бұл ретте тұңғыш Президентіміздің ел дамуына қосқан ерен еңбегін атап өткім келеді. Жастарға  арналып жатақхана салынуда. Білім алуларына да жол ашық.  Мемлекеттік оқу гранттарының саны ұлғаюда.

Баспана алудың жаңа мүмкіндіктері, салықтың төмендетілуі, қолжетімді және сапалы білім, шағын несие беруді көбейту, елді газдандыру – әлеуметтік бес бастамада көрсетілген осы мәселелердің барлығы түптеп келгенде халықтың жағдайын жақсартуды мақсат етеді.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КОКШЕ АКПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...