ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ Толығырақ

ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. ЖАСТАР – ҚОҒАМ ТҰТҚАСЫ!

14:08, 13 тамыз 2019

ДК: Ақмола облысының тұрғындары арасында еліміздің Тұңғыш Президентінің бес әлеуметтік бастамасы кеңінен танылды. Жазғы демалыс аяқтала сала келешекке ұмтылған жас талапкерлер болашақ мамандықтарының қазығын қадайды. Нұрсұлтан Назарбаевтың қосымша білім беру грантын бөлу туралы шешім қабылдауы және жатақханалардың құрылысын арттыру бастамасын студенттер үлкен ықыласпен қабыл алды.

РКС: Республика көлемінде Тұңғыш Президентінің тапсырмасына сәйкес, студенттерді жатақханаларда орналастыруды қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. Ақмола облысында алдағы уақытта алты жатақхана салынады. Әрине, Елбасының бұл бастамасы ел жүгін арқалар жастар үшін кең мүмкіндіктерге жол ашады.

СНХ: НҰРБЕРГЕН ОРАЗАЛИН, АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНҢ СТУДЕНТІ Нұрсұлтан Назарбаев жастарға көп көңіл бөледі. Оның бастамасында айтылған жатақхана мен грант мәселесі өте өзекті. Ең қарапайым түрде айтсам арзан, жылы әрі ыңғайлы жерде тұру бізді қуантады.

РКС: Жастарға арналған мүмкіндіктерге тоқтала кетсек,  қазіргі уақытта жастардың өз бизнесін  бастауына толық жағдай жасалған.  Елбасы бастамасы бойынша шағын және орта бизнес үшін микрокредиттер көлемі кеңейтілді. Осыдан бастап, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы жеделдей түсіп,  қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жандануда. Бұдан бөлек, жалақысы төмен азаматтардың табыс мөлшерін көбейту ісі елімізде тұтастай жүзеге асырылуда.

СНХ: ГҮЛДИНА ӘЛСЕЙІТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ Елбасының бес әлеуметтік бастамасы қазіргі уақытта халық арасында зор қолдауға ие болып отыр. Әсіресе жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын арттыру үшін салық жүктемесін азайту өте орынды бастама. Бұл арқылы халықтың жағдайы қатты артып кетпесе де, әл-ауқатының жақсара түсуіне мүмкіндік туады.

РКС: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы Қазақстан халқының өмір сүру сапасының артуына әсер етеді, сондықтан оларды жүзеге асыру студенттерді, жас кәсіпкерлерді, табысы төмен қызметкерлерді, жас мамандарды және тұтастай алғанда қазақстандық отбасыларды қуантары сөзсіз.

 

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ
16:26, 15 қараша 2019
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ
Толығырақ...