ШҰҒЫЛ! ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН! Толығырақ

ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

14:39, 15 мамыр 2019

РКС: Қазіргі уақытта Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде бес жатақхана бар. Студенттер санының жыл сайынғы өсуіне байланысты орындар  жеткіліксіз. Негізінен шалғай аймақтан келген бірінші курс және екінші курс студенттеріне жатақхана берілуі шарт. Ал, қалған білім алушыларға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мың орынға шақталған тағы екі жатақхана салу жоспарда бар. Бұл университеттің  осы саладағы қажеттілігі.

СНХ: БЕКЗАТ СЕЙІЛХАН, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ /// Елбасының бес әлеуметтік бастамасы бізге, әсіресе, студент қауымына үлкен мүмкіндіктер беріп отыр. Себебі, біз алыс аймақтан, яғни, Шымкент қаласынан  оқуға келгендіктен баспана мәселесіне тап болып жатамыз. Мұның шешімін Елбасы өзі қадап айтты. Биыл студенттерге қосымша жатақxана салу жайлы. Өте құптарлық іс. Өз басым толықтай қолдаймын.

РКС: Президенттің бес әлеуметтік бастамасының тағы бірі - тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру. Елбасы барлық азаматтар мен азаматшалардың баспана алуына зор қадам жасады. Ол үшін міндетті түрде қолданылуы шарт бірқатар мүмкіндіктер де жасалды.

СНХ: АЙГҮЛ САПАРХАН, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ /// Тұрғын үй мәселесінің тағы бірі «7-20-25» бағдарламасы. Шынымен, қазір көп жас отбасылар үй-күйсіз жүр. Ал баспана алуға мүмкіндік болмайды. Ал бұл бағдарлама арқылы әрқайсысы төмен пайызбен тұрғын үйге қол жеткізе алады. Бес әлеуметтік бастаманың ішіндегі маңыздысы да осы деп білем.

РКС: Айта кетейік, ағымдағы жылы Елбасының бес әлеуметтік бастамасына орай шаһарда 6 жатақхананың құрылысы жүріп жатыр. Оның екеуі жоғарғы оқу орнына,ал төртеуі орта арнаулы білім ордаларына тиесілі болады.

МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. ЕЛ ЕРТЕҢІ БҮГІННЕН!
18:54, 21 тамыз 2019
ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. ЕЛ ЕРТЕҢІ БҮГІННЕН!
Толығырақ...
САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖЫЛ АЯҒЫНА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ
18:48, 21 тамыз 2019
САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖЫЛ АЯҒЫНА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...
СЛОВАКИЯДАН АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА ӘКЕЛІНДІ
15:06, 16 тамыз 2019
СЛОВАКИЯДАН АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА ӘКЕЛІНДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДИҚАНДАРЫ 4 МИЛЛИОН ГЕКТАР АЛҚАПТАН АСТЫҚ ЖИНАЙДЫ
18:00, 16 тамыз 2019
ӨҢІР ДИҚАНДАРЫ 4 МИЛЛИОН ГЕКТАР АЛҚАПТАН АСТЫҚ ЖИНАЙДЫ
Толығырақ...