ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІ – ЖАСАМПАЗДЫТЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІ

15:40, 20 наурыз 2019

РКС: Елбасының ел игілігіне қызметі тарихтың толқыны таудай күркіреп, Кеңес империясының күні батар тұсқа келді. Дүйім жұртты ендігі заман қалай болар деген күдік билеген тұста, Тұңғыш Президент тығырықтан жол тапты, елді кемел келешегіне жетеледі.  «Бұл сынақ болатын. Біз одан сүрінбей өтіп, дамудың қазақстандық жолын салуға белсене кірісіп кеттік» - деді Елбасы. Бұл еңбектің жемісіне бүгінде біздер куәміз. Экономикамыз 15 есе, ал халықтың табысын 9 есе артты. Қазақстан аграрлы экономикадан өнеркәсіптік-сервистік экономикаға өтті. Шикізат ресурстары есебінен қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін Ұлттық қор құрылды.

СНХ: БАҚБЕРГЕН АМАЛБЕК, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ ///Отыз жылға жуық ел басқарып, осы мәлімдемені жасауы бұл Коституцияны сыйлағандық деп білу керек, бірақ та тұғырдан түсті деп ойламаймыз. Оның айтқан саманатын халық жіті түсінуі керек. Әсіресе, болашақ жастарға айтқан аталық сөздерін ескеріп, жастар әрқашан да ұмытпайды деп ойлаймыз. Өз қолымен қойған жарлығында елімізге танымал азамат Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевқа осы қызметті сеніп тапсырды.

РКС: Халықаралық қатынастарда Елбасының кемеңгерлігі әлемнің әккі дипломаттарын таңдай қақтырды. Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-да жер жаһанның ядролық қарудан бас тарту жоспарын бекітті, Сириядағы дағдарыс, Иранның ядролық қарудан бас тартуы, Ресей-Түркия қарым-қатынастарын реттеуде шешуші маңызға ие дипломатиялық қызмет атқарды. Көпвекторлы саясат арқылы Орта Азиядағы тұрақтылық пен экономикалық өсімге жол ашты.

СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ /// Қазақстан халқы Елбасына сенді, сол сенімді, перзенттік міндетін де, Президенттік міндетін де адал атқарды деп айта аламын. Әлем Қазақстанды Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен таныды. Біздің Елбасы Ядролық қарусыз әлем құру ісінде- архитектор.  Тәуелсіздікеті аманаттап отыр. Бұл бізге, бізден кейінгі ұрпаққа аманат. Біз бір-бірімізбен тату тәтті ынтымақта өмір сүруге міндеттіміз.

РКС: Елбасының ерен еңбегіне Астананы Сарыарқаға көшіруі, бес көршімізбен шекараны ратификациялауы, төл экономикамызды шикізаттан тәуелсіз етуі, Қазақстанды ұлтаралық, конфессия аралық татулық алаңына айналдыруы тәрізді көреген қызметі айғақ. Бұл елін сүйген Елбасының, Елі сүйген адал перзентінің төл тарихымызда алтын әріппен жазылар тұсы екендігі айқын.   

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар