ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ БІРЕГЕЙ КҮНІ

Жаңа заманда қоғамдық сананың негізгі қағидаларын қалыптастырып қана қоймай, нақты жобаларды да жүзеге асыруға тиіспіз! Бұл - «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған ел Президентінің пікірі.

19:37, 20 сәуір 2017   126

Жаңа заманда қоғамдық сананың негізгі қағидаларын қалыптастырып қана қоймай, нақты жобаларды да жүзеге асыруға тиіспіз!  Бұл - «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған  ел Президентінің пікірі. Оған сәйкес, елімізде қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Қазақ тіліндегі 100 оқулық» және «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Туған жер» жобалары қолға алынбақ. Ал, оларда жас ұрпақтың бойына рухани тәрбие беретін бағыттар көрініс табуы тиіс. Елбасы мақаласын талқылаудың  бірегей күнінде ақмолалықтар осындай  пікір білдірді.Жиынға қатысушылардың айтуынша, еліміз экономикалық жаңғырудан бөлек, рухани тұрғыдан да дамуға көңіл бөлуі керек. Бұл – әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына қосылудың негізгі алғышарттары. Елбасы ұсынып отырған жаңа жобалар мен бағдарламалардың барлығы Қазақ елін биікке көрететін батыл бастамалар. Соның нәтижесінде, жастардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырып, рухани тәрбие беруге, жаһандық бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға мүмкіндік туындайды.

Ел Президенті өзінің мақаласында туған жерге сүйіспеншілікті басты назарға алу керектігін айтты. Бұл ретте Қазақстан Халқы Ассамблеясы да еліміздегі бірліктің, ынтымақтың сақталуына өлшеусіз үлес қосы келе жатқан бірегей институт. Бүгінде Ақмола облысында 40-тан астам этно-мәдени орталық жұмыс істейді. Олардың барлығы да отаншылдық, сүйіспеншілік, бірлік ұғымдарын терең түсінеді, әрдайым биік қояды.

Дәл қазір ел бірлігін көрсететін кезең. Өйткені, биыл Ақмола облысының бірқатар аудандары су тасқыны салдарынан қатты зардап шекті. Оларға көмек ретінде қазір қабылдау пункттері құрылып, арнайы есеп шот ашылған. Жиын қатысушылары барша ақмолалықтарды қиын жағдайға тап болған ағайынға қолдау көрсетуге шақырды. 

Нұргүл Нұрбайқызы, Арман Балбергенов. 

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75