ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БЕРЕКЕЛІ БАСТАМАЛАР - ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАР

15:14, 11 қазан 2018

РКС: Елбасы Жолдауы бизнес өкілдерін жаңа мүмкіндіктерге жетелейді. Әсіресе «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын 2025 ші жылға дейін жалғастыру туралы шешімін кәсіпкерлер қауымы қуаттап қолдап отыр. Сондай-ақ кәсіпкерліктің кең өріс алуына мемлекет қазынасынан 30 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастыру жоспарланып отыр. 

СНХР: ДОСХАН АМІРЕНОВ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ / Бағдарламаның түп негізі мен жүйелі жүзеге асырылу жолы бар. Оны өзге бағытқа бұрудың қажеті жоқ. Тек қана одан әрі жетілдіре түскен абзал. Цифрлы Қазақстан бағдарламасының аясында, мемлекеттік қызметтердің электрондық үлгіге көшіріп, қажетсіз қағазбастылықтан арылту арқылы қол жеткізуге болады. Сөйтіп бұл бағдарламаардың тиімділігі артатын болады.  /// 

РКС: Жолдауда атап өтілген бизнес, денсаулық сақтау, баспанамен қамту сынды бастамалардың жастар үшін игілігі мол. Алдағы жыл ел дамуында айтулы оқиғаларға толы болмақ. Себебі келер 2019 шы жыл елімізде жастар жылы ретінде жарияланып отыр.  

 СНХР: СВЕТЛАНА КОРНЕЕВА – ОБЛЫСТЫҚ «ВИДЕРГЕБУРТ» НЕМІС ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ  /2019-шы жыл жастар жылы деп жарияланып отырғандығы көңілге қуаныш ұялатады. Білімді жастар елдің кемел келешегі мен жарқын болашағының кепілі. Оларға артылып отырған сенім мол. Сондықтан жалынжүрек жастарға үлкен мүмкіндік беріліп отыр. ///

РКС: Елбасының ел үшін ұсынып отырған игі бастамаларын Ақмола жұрты ыстық-ықыласпен қарсы алды. Ендігі мақсат Жолдау жүктеген асыл мақсаттардың жүйелі түрде жүзеге асуына ат салысу.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, САНИЯ ИДРИСОВА

Тақырып бойынша материалдар

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
19:52, 14 маусым 2019
УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ  БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ  БЕРІЛДІ
19:52, 14 маусым 2019
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
18:46, 10 маусым 2019
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...