ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

15:47, 12 ақпан 2018

Елбасының халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында әлеуметтік әлсіз топтарды қолдауға, мұғалімдердің беделін көтеруге, саналы әрі білімді ұрпаққа деген қамқорлығын көруге болады. Осы ретте, орта білім саласында жаңартылған оқу мазмұнына толық көшу процесін ерекше айтып өтуге болады. Әсіресе, мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа білім беру стандарттары белгіленген. Білім беру саласы мамандарының 2019 жылдан бастап жүзеге асырылатын бұл жаңа бағдарлама бойынша ұмыт қалған әліппе оқулығы дайындық топтарында қайта енгізілмек,-дейді  

Елбасы Жолдауының 7-ші бағыты білім саласына, әсіресе оқушылар арасында инновационды қызметті жүзеге асыруға бағытталған. Бұл мақсатта, өңір мектептерінде робототехника кабинеттерін ашу қолға алынған. Мамандардың ойынша, мұндай инновациондық алаңдар оқушылардың ойлау жүйесін дамытып, шығармашылық қабілеттерін ұштамақ. 

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы мұғалімдердің беделін көтеруді, оларды материалдық тұрғыда қолдауды және лауазымдық еңбекақысын ұлғайтуды ғана емес, оқытушы мамандығының абыройын көтеруді, біліктілігін жетілдіруді, білім берудің үздік әдістерін меңгеруді үндейді. Әсіресе, үш тілді терең меңгеру жайы, орта мектептің білім мазмұны, кәсіптік білімнің әлеуеті, цифрлы біліктілік сынды елеулі тұжырымдар білім саласының жаңа жағдайда дамуына кең жол ашпақ,- деген ойды ұстануда білім саласының мамандары.

Айгүл Бекетқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
22:42, 17 тамыз 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
19:05, 17 тамыз 2018
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар