ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БІЛІМ МЕН САНАНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ

14:11, 16 мамыр 2019

РКС: Тұңғыш президент – Елбасы өз Жолдауында үш тілді қатар меңгеру  қажет екенін айтты. Сондай-ақ, жастардың мәселесі де жан жақты қарастырылған. Айталық ЖОО-орындарында сапалы білім алып, жұмыспен қамтылу ісі мықтап қолға алынуы тиіс. Нәтижесінде барлық оқу бітіруші студенттер қалаған мамандығы бойынша жұмысқа орналасып,  елдің дамуына өзіндік үлес қоса алады.   

СНХ:  ҚҰРСАНАЙ УСМАНОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ///// Бұл Жолдауда білім саласына байланысты тың мәселелер көтерілді. Әрине, біз сияқты жастардың білім саласындағы жетістіктері ел дамуы үшін аса маңызды. Жоғары оқу орындарында гранттардың көбеюі, мектептерде білім мен тәрбие беріп жатқан ұстаздардың мәртебесін көтеру бастамаларын қолдаймын. Сондықтан, біздің тұлға болып қалыптасып, шет елде білім алуымызға мүмкіндік зор.  

РКС:  Латын қарпіне көшу ісі де  Елбасының кезекті Жолдауында айтылған. Бұл үрдіс кезең-кезеңімен жүзеге  асырылуда. Бүгінде Цифрлы Қазақстан құру мақсатына жету үшін де заманауи әліпби керек. Сол себепті латын графикасына өту – уақыт талабы тудырған рухани қажеттілік.

СНХ: ГҮЛДЕН НАГАЕВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ///Біз ЖОО-ның  студенті болғандықтан, үш тілді яғни орыс, ағылшын,  қазақ  тілдерін еркін меңгеруіміз керек. Елбасы кезекті Жолдауын жастарға арнап,  оларға үлкен үміт артып отыр. Біз бәсекеге қабілетті, білімді азамат болып  қалыптасуымызға барлық жағдай жасалған.

РКС: Өскелең ұрпақ елінің тарихы мен ана тілін  білумен шектелмеуі тиіс. Бәсекеге қабілетті  бүгінгі күннің жастары  заманауи  технологияны  және  шет тілдерді меңгерген, озық ойлы азамат болуы керек. 

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
18:11, 27 мамыр 2019
ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Толығырақ...
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  БАСТАЛДЫ
18:11, 27 мамыр 2019
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
20:31, 23 мамыр 2019
СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Толығырақ...
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:39, 22 мамыр 2019
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АН...
Толығырақ...