ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ

15:03, 11 қаңтар 2019

РКС: Елбасы әдеттегідей өзінің Жолдауында әлеуметтік салаға зор назар аударды. Оның ішінде қоғамның әртүрлі сатылары бар. Ғалымдар, студенттер, оқушылар болсын, зейнеткерлер мен жұмыскерлер болсын қоғамның әр мүшесі болашақта өзінің даму жолдарын осы Жолдау арқылы білуі қажет. Әрине, алдымыздағы басты мақсат – дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Ол айналып келгенде қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарудан басталатынын Елбасы назарда ұстап,осы ауқымды жұмысты қолға алу керектігін тапсырды.

СНХ:  КӘКІМ ХАСАНБАЙ, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ. //// Елбасы өз жолдауында ұстаздардың мәртебесі-ұлт мәртебесі дегенді басып айтты. Тал бесіктен бастап тәрбиеге баулыйтын біздің ұстаздардың бет-беделін көтеретін арнайы заңның қабылданғандығы елдің ертеңінің айқын екенін айғақтайды. Осы арқылы жұмысқа деген ынталарын оятатын болса, талпыныс бар жерде нәтиженіңде болары анық.

РКС: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім беру сапасын арттыру қажеттігін, медицинаны дамытып жаңа технологиялар мен жабдықтар орнату керектігін, ауыл шаруашылығы саласын ілгерілетіп, экспортқа өз өнімімізді шығару тиіс екенімізді баса айтты. Түйінді мәселені түгел айтқан Елбасының бұл жолғы жолдауы-халқына үлкен қолдау болып отыр. Патша біреу-халқы тіреу болып,тапсырылған жұмыстарды тианақты атқару керек.

СНХ: ДІНМҰХАМЕД АМАЛБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ // Мемлекет тарапынан жастарды қолдап, келер жылды жастар жылы деп жариялады, бұл өте орынды. Алға талпынып тұрған жастарға осылай демеу беретін болса өз жолдарын тауып, еліне,  жеріне еңбектерін сіңірері анық.  Біз мемлекет маған не береді деген емес, мен мемлекетке не бере алам деген ойда болуымыз керек.

РКС: Ынтымақты елдің-ырысы мол. Елбасы жолдауында айтылған тапсырмаларды ел болып бірлікте жүзеге асыру міндет. Елбасы халықтың бай-куатты өмір сүруі, қазақ елі дамыған 30 елдің қатарына қосылуы тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік асыл мұраты екенін айтты.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
15:11, 21 қаңтар 2019
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
Толығырақ...
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ  4 МЛРД ТЕҢГЕ  ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
15:11, 21 қаңтар 2019
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ 4 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
18:43, 15 қаңтар 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
Толығырақ...