ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЦИФРЛАНДЫРЫЛҒАН ЗЕРТХАНА

14:38, 19 шілде 2019

СНХ: АЙНАГҮЛ НҰРМҰХАНОВА, ИНЖЕНЕР – ХИМИК  Мен өз мамандығымды жақсы көремін. Мен табиғи байлықтар көп жерде дүниеге келдім. Сондықтан, бала кезімнен зерттеуге, зертхана жұмыстарына қызығатынмын. Оған қоса, қазір сандық технологиялар ғасырында бәрі жаңарып, жеңілдетілген. Мысалы, мына тәжірибенің нәтижелерін базаға енгізіп, өткен жылдардың нәтижелерімен салыстыруға болады. Бұл өте ыңғайлы.

РКС: Айнагүл Нұрмұханова жас инженер-химик. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің түлегі. Қоршаған ортаны бақылау зертханасында еңбек етіп жүргеніне екі жыл. Жас маман өнеркәсіптік революция, жаңа технологиялардың жұмысты едәуір жеңілдетеріне сенімді. Айнагүл Нұрмұханованың жетекшісі Радмила Әлиева да цифрландырудың тиімді жақтары мол екендігін айтады. Технологиялардың арқасында бүгінгі таңда өзекті мобильді қосымшалар құрылуда.

СНХ: РАДМИЛА ӘЛИЕВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ» Зертхана қызметінде сандық технологияларды енгізу қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді. Біздің зертхана базасында мобильді Air.kz қосымшасы енгізілді. Қосымша атмосфералық қысымды өлшеуге арналған. Жақын арада жер үсті суларының сапасын анықтайтын қосымша әзірленеді. Бұл арқылы облыс  аумағындағы су сапасын тексеруге болады.

РКС: Бүгінгі күні цифрлық технологиялар барлық жерді қамтуда. Қазгидромет республика аумағында ауаның сапасын бақылауға мүмкіндік беретін Air.kz мобильді қосымшасын іске қосты. Оны смартфоны арқылы кез келген республика азаматы тексере алады. Ол үшін Плеймаркетте Air.kz қосымшасын жүктесеңіз жеткілікті. Сол арқылы сіз ауадағы күкірт, көміртегі диоксиді, шаң мөлшерін көре аласыз. Бұл әсіресе, Қарағанды, Теміртау сияқты өнеркәсіптік қалаларда өмір сүруді жеңілдетеді.

ҚУАНЫШ ҚАЙЫРОВА, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, ДАРХАН САҒЫН. КӨКШЕ АҚПАРАТ. 

Тақырып бойынша материалдар

САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
18:31, 16 тамыз 2019
САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
18:28, 16 тамыз 2019
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
Толығырақ...
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
18:22, 16 тамыз 2019
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...