ШҰҒЫЛ! ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН! Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ДАМУ ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУ ӨРІСІ

14:47, 12 маусым 2019

РКС: Надежда Мақсұтова – өз бизнесін жаңа бастаған кәсіпкер. Надежда төрт жыл бойы гүл отырғызумен айналысады. Ол Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Имантау ауылында тұрады. Алайда, Көкшетауға географиялық жақындығына байланысты өз өнімдерін дәл осы жерде сатады. Орталық саябақтың гүлзарларына оның шебер қолынан өсіп-өнген петуния гүлі әр береді.

СНХ: НАДЕЖДА МАҚСҰТОВА, ИМАНТАУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ /// Біз бар отбасымызбен гүлдерді өсірумен айналысамыз. Әр түрлі қалалардан машиналар, фуралар келеді, сатып алады. Биылғы жылы мұндай сұраныстың болатыны үш ұйықтасам түсіме кірмеп еді. Келесі жылы тұтынушылар сұранысының артуына байланысты көп гүл отырғызамыз деп жоспарлап отырмыз. Көкшетау гүлзарларындағы гүлдер де біздікі. Елбасының ауылға көңіл бөлуі ауылдардың гүлденуіне сеп болмақ.

РКС: Кәсіпкер бүгінде елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға барлық жағдай жасалған деп санайды.  Шағын несие беру кеңейтілді, "Жол картасы" бағдарламасы ұзартылды. Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан қорғауды арттыру қажеттігі туралы бастама көтерді. Шағын және орта бизнес үшін салықтық рақымшылық жасау, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару ісі жандана түсті. Ал, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің түлегі Амангелді Олжас «Жастар жылында» оның алдында үлкен мүмкіндіктер ашылатынына сенеді.

СНХ: АМАНГЕЛДІ ОЛЖАС, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ ////// Биылғы жыл «Жастар жылы» деп жарияланғанына өте қуаныштымын. Мен университетті тәмамдадым, өзімді қамтамасыз ету, жұмысқа орналасу үшін менің болашаққа мүмкіндіктерім көп екенін білемін, Үкіметке осы үшін ризашылығымды білдіремін.

РКС: Түсірілім кезінде біз жас маманды саябақта қарсы алдық, ол тек дипломын қорғап қана қоймай, дербес өмірге қадам басты. Амангелді жастардың жылында жүздеген жобалардың әзірленуіне, өскелең ұрпақ үшін мүмкіндіктер мен перспективалардың көп болатынына сенімді. Алайда, мемлекеттің бастамалары кері байланысты да болжайтынын түсіну маңызды іс екендігін тілдге тиек етті.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. ЕЛ ЕРТЕҢІ БҮГІННЕН!
18:54, 21 тамыз 2019
ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. ЕЛ ЕРТЕҢІ БҮГІННЕН!
Толығырақ...
САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖЫЛ АЯҒЫНА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ
18:48, 21 тамыз 2019
САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖЫЛ АЯҒЫНА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...
СЛОВАКИЯДАН АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА ӘКЕЛІНДІ
15:06, 16 тамыз 2019
СЛОВАКИЯДАН АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА ӘКЕЛІНДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДИҚАНДАРЫ 4 МИЛЛИОН ГЕКТАР АЛҚАПТАН АСТЫҚ ЖИНАЙДЫ
18:00, 16 тамыз 2019
ӨҢІР ДИҚАНДАРЫ 4 МИЛЛИОН ГЕКТАР АЛҚАПТАН АСТЫҚ ЖИНАЙДЫ
Толығырақ...