ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЕЛ ЦИФРЛЫ ДӘУІРГЕ КӨШПЕК

15:25, 14 қыркүйек 2018

РКС: Жолдауда Президент ең бастысы цифрлық дәуір, технологиялардың дамуы, технологизация, жалпы төртінші өнеркәсіптік революцияның шеңберіндегі мемлекеттің дамуының айқын бағыттарын анықтаған. Осы мақсатта мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы Елбасының айтқан сөзі өңір ұстаздарының көңілінен шығып, үлкен қуанышқа бөледі. Өйткені, болашақ ұстаз да, дәрігер де, инженер де, елдің болашағын жасайтын кадрлардың бәрі мұғалімнің, ұстаздың қолынан шығады. Әрбір үйде бала бар, ел боламыз десек, баланы бесіктен тәрбиелеуіміз керек,-дейді ардақты ұстаздар.

СНХ: АЛТЫН ӘЛІМЖАНОВА, №1 БАЛКАШИНО ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын іске асыру мақсатында біздің ауданымызда 4 ІТ сыныптар ашылды. Бұл жұмыс аудандық «Нұр Отан» партиясымен бірігіп, «Цифрлы Қазақстан» және «Оқушылар үшін тегін ІТ сыныптар» жобаларының шеңберінде  іске асырылды. Біздің оқушыларымыз бұл сабақтарға зор ынтамен қатысуда.     

РКС: Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы елдің 10 негізгі міндетін белгілеп берді. Өнеркәсіп немесе мемлекеттік басқару болсын, осы 10 міндеттің барлығында цифрландыру бағыты анық көрсетілгенін баса айтқым келеді,-дейді Егіндікөл ауданындағы мектептің мұғалімі.

СНХ: МЕНТАЙ ҚҰСАЙЫНОВА, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНДЫҚ №1 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҰСТАЗЫ: / Елбасының Жолдауы бойынша мектебіміз ІТ технологиялармен жабдықталу үстінде.  Соның ішінде, ІТ сыныптар ашылуда. Әсіресе, бастауыш сыныптардан бастап интерактивті тақталар, ноутбуктар, компютерлерді қолдану сабақ барысында да, тәрбие жұмыстарында да компьютерлік технологияларды пайдаланудамыз.

РКС: Биылғы Жолдауда айтылған 10 негізгі тапсырма Қазақстанның қысқа мерзім ішінде дамуын анықтап бермек. Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әл-ауқатының маңызды негізі ретінде цифрлық теxнологияларды енгізумен қатар, әлеуметтік салаға, зейнетақымен қамсыздандыруға және адами капиталды дамытуға ерекше назар аударды.

Айгүл Бекетқызы

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
18:43, 25 қыркүйек 2018
ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар