ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЕЛ ЖАСТАРЫ – ҰЛТ ЕРТЕҢІ

15:02, 24 мамыр 2019

РКС: Тұңғыш Мемлекет басшысы өз Жолдауында ел жастарын бизнеске баулуды ұсынды. Осы бағытта бағдарлама да­йындалып, оны жүзеге асыруға ел қазы­насынан 32 млрд теңге бөлу тапсырылды. Бұл бағдарламалар арқылы ауылдағы жастардың да кәсіпкер­лікпен айналысуына, өмірі мен жұмысына қолайлы жағдай жасалады. Себебі, ауыл – мемлекеттің тірегі, ұлтжандылық пен рухани күштің қайнар көзі. 

СНХ: САЙЛАУ ЖЫЛҚЫБАЕВ, АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Биылғы жылды Жастар жылы деп жариялағаннан кейін меніңше, жастар жылы құр сөз болмауы керек. Оларға тиісті көңіл аударылып, олар үшін түрлі бағдарламалар жасалуы керек. Қазір қарап отырсаң, бір құбылыс болып тұр. Ауылда жұмыс жоқ дейміз, бірақ, көбіне жастар қалаға кетіп, білімі бола тұра қайта келіп жатыр. Өз кәсіптерін ашып жатыр. Мысалы, біздің ата-кәсібіміз дейміз ғой, мал шаруашылығы, ферма ұстау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, тері өңдеу деген сияқты бізде бар ондайлар. Онымен көбіне айналысатын жастар.  

РКС: Ерейментаулық мамандардың пікірінше, қоғамның маңызды бөлігін құрайтын жастарға кең мүмкіндік берілуі тиіс. Сондықтан, Тұңғыш Елбасының Жолдауында нақты ұсыныстар қабылданып, жастардың жан-жақты көмекке ие болуы қамтамасыз етілуде. Бұл тың бастамаларды Ерейментау ауданының ақсақалы Амантай Имағанбетов те  қолдап, жастарға ыстық ықыласын білдірді.

СНХ: АМАНТАЙ ИМАҒАНБЕТОВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ: Жастар, жалпы балалар бақытты болсын. Көрген қиыншылықтарымызды олар көрмесін.  Әрқашан елдің азаматтары аман болып, елді қорғайтын азаматтары болсын. Бұрын айтады екен, «Елден ері кетсе жұт, елге ері келсе құт»,- деген. Елдің құтты болсын. Еліміздің басшысы болсын.

РКС: Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жас буынды қолдауы  олардың идеялары мен бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Сондықтан, ерейментаулық тұрғындар әр жас өз білімі мен ғылымын дамытуға, бәсекеге қабілетті жаңа қоғам құруға атсалысуға міндетті екенін ерекше атап өткен жөн,-дейді. 

Айгүл Бекетқызы

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ
18:19, 18 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІЛІМ БЕРЕТІН ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ
17:19, 18 қыркүйек 2019
ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІЛІМ БЕРЕТІН ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...