ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ӘЛЕУМЕТ ПЕН ӘЛЕУЕТ

16:32, 8 қараша 2018

РКС: Жолдауда адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға  немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артатындығы айтылды. Өңір жастары еңбек пен білім, ерекше ынта арқылы биік белестерге жетуге болатындығын жақсы түсінеді.

СНХ: АННА СВИНАРЧУК, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ  /Елбасы биылғы Жолдауында келер  жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақыны  1,5 есеге өсіруді тапсырды. Және «Бизнестің жол картасы-2020»  бағдарламасын 2025-ші жылға дейін ұзарту қажеттігін атап өтті. Тұрғын үй шаруашылығы мен табиғи монополияларда тәртіп орнату үшін батыл шаралар қабылдау керектігін тапсырды. Мұның барлығы да халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жасалып жатқан жұмыстар. /

РКС: Саяси маңызы зор құжатта бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен  35 пайызға өсетіндігі айтылды.

СНХ: ДИНАРА АУТАЛІПОВА, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ //Елбасы Жолдауында бизнес жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1  қаңтарынан бастап  салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастап, шағын және орта бизнес  салықтан босатыладындығы айтылды. Ол отандық кәсіпкерлерді, отандық өнімді қолдау үшін үлкен мүмкіндік. /

РКС:  Құжатта көрсетілген білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыны көбейту, халық табысын арттыру, мем­лекеттік қызмет көрсетулердің жақ­саруы – міне, адам капиталын ин­вес­тициялауға жасалған осы шара­лар­дың бәрі қазақстандықтардың өмір са­пасының артуына кепіл болары анық.

М.Айбабина

Тақырып бойынша материалдар

АСТАНАНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕЛДЕУІ – АЙМАҚТАҒЫ ӨНДІРІСТІҢ ӨРЛЕУІ
20:05, 17 қаңтар 2019
АСТАНАНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕЛДЕУІ – АЙМАҚТАҒЫ ӨНДІРІСТІҢ ӨРЛЕУІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ «ҚАҺАРМАНДАР» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ
18:55, 17 қаңтар 2019
ОБЛЫСТЫҚ «ҚАҺАРМАНДАР» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ 200-ДЕН АСА МЕКТЕПТЕ БІРНЕШЕ ПӘН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛУДА
18:08, 11 қаңтар 2019
ӨҢІРДЕ 200-ДЕН АСА МЕКТЕПТЕ БІРНЕШЕ ПӘН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТ...
Толығырақ...