ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ 2,5 ЕСЕГЕ ҰЛҒАЙМАҚ

14:26, 13 тамыз 2019

ДК: Логистикалық қиындықтарға қарамастан Ақмола облысы биыл Біріккен Араб Әмірлігіне ұн экспорттады. Аймақтың экпорттық әлеуетін тұтас алғанда облыстың 200-ге жуық кәсіпорны алыс-жақын шетел мемлекеттеріне ауылшаруашылығы өнімдерін экспортқа шығарып отыр. Әсіресе ұн, ет, сүт өнімдерін ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар Ақмола аймағында өсетін бидай, зығыр, сұлы айтарлықтай жоғары бағаланып келеді. 

РКС: Экспортқа шығатын өнімдер ең әуелі ішкі нарық сұранысын толық қамтуы тиіс.  Мәселен, «KAZ BEEF» компаниясына қарасты бордақылау алаңында  8 мыңнан астам ірі қара бар. Ал аналық мал басының саны 7 мыңға артық. Мұндай айналымға қарамастан басшылық экспорт мәселесіне келгенде ерекше саралау қажет деген пікірге сүйенеді.    

СНХ: БЕЙБІТ ЕРУБАЕВ,  «KAZ BEEF» КӘСІПОРНЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ Біздің ең әуелгі және негізгі әлеуметіміз Ресей Федерациясы мен Қытай елі. Сол үшін де мал басының санын айтарлықтай ұлғату қажет. Себебі 3-5 мың бас ірі қарамен экспортқа шығу әлі де ертерек. Шағын шаруашылықтармен жұмысты бір жүйеге келтірдік.  

РКС: Ауылшаруашылығы агро өнеркәсіптік әлеуетін мейлінше артттыру Елбасы Жолдауында атап өтілген маңызды міндет. Ол үшін еңбек өнімділігін 2,5 есе ұлғайтып, экспорт көлемін өсіру қажет.     

СНХ: ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ – ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Экспортқа шығатын ауылшаруашылығы өнімдерінің үлесі 65 пайыз. Егер жылдық көрсеткішке тоқталатын болсақ, 2018 –ші жылы экспортталған өнімнің жалпы соммасы 290 миллион АҚШ долларына жуықтайды. Бұл көрсеткіштер жыл санап артып келеді.

РКС: Экспорт мәселесі бойынша аймақта ауқымды жоспар жасалған. Шаруашылықта ірі қараның мал басын көбейтіп, өсімдік шаруашылығында бидайдың сапасы арттырып, майлы дақылдар себілетін егіс алқаптарының көлемін ұлғайту қажет.

Ерболат Серікбай, Мадина Смагулова, Павел Соловьев,  Көкше ақпарат.

Тақырып бойынша материалдар

САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
18:31, 16 тамыз 2019
САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
18:28, 16 тамыз 2019
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
Толығырақ...
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
18:22, 16 тамыз 2019
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...