ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ.

15:07, 14 тамыз 2019

ДК: Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы осыған дейін жарияланған стратегиялық бағдарламалардың қисынды жалғасы болып табылады. Жолдауда орын алған әр бағыт қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. 

РКС: Білім беру, денсаулық сақтау, қолжетімді тұрғын үй. Осының барлығы маңызы зор құжатта анық көрініс тапқан. Осы ретте, Тұңғыш Президент -Елбасы әлеуметтік сектор мен инфрақұрылымға баса назар аудара отырып, бюджеттік шығыстардың басымдықтарын қайта қарауды тапсырды

СНХ: АЙДАНА НҰРЛАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Шынында да, қазіргі Жолдау әлеуметтік сипатқа ие. Мұнда азаматтардың әл-ауқатына көп көңіл бөлінеді. Жалақыны көтеру, мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, педагогтарды қолдау, медициналық қызмет көрсету сапасы. Бұл бүгінгі күні азаматтарды толғандыратын мәселе екені сөзсіз.

РКС: Сонымен қатар, стратегиялық құжатта жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналу керектігіде айтылған. Яғни, азаматтардың барлық санаттарын, әсіресе жастарды қолдау шараларының толық кешенін қамтитын кең әлеуметтік тұғырнама құру қажет.

СНХ: АЙКҮМІС ТІЛЕГЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ Шынымен де, қоғамның дамуында жастардың алар орны ерекше. Елбасы өсіп келе жатқан ұрпаққа үлкен үміт артады. Айтарым, жастар өзін-өзі жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсауы тиіс. Себебі, жалпы мемлекет дамуы – жастардың алға басқан ұмтылысында, жаңаша көзқарасы мен қажырлы, адал еңбегіне байланысты болмақ. Ендігі кезекте бізге артылған үміт пен сенім мол, атқарылатын істер де зор болуы тиіс деп ойлаймын.

РКС: Елбасы Жолдауда: "Тәуелсіздік жылдарында біз үлкен жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құра отырып, біз бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік" деп атап өтті.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, НҰРСҰЛТАН ЫБРАЕВ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
19:38, 6 желтоқсан 2019
БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
19:20, 6 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:28, 3 желтоқсан 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...