ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ

18:35, 11 шілде 2018

РКС: Халық қалаулысы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне арнайы ат басын тіреді. Бүгінде мұнда 7 мыңға жуық студент жас білім алады. Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев оқу ордасының әдістемелік жұмыс барысымен танысып, материалдық - техникалық жабдықталуын аралап көрді.

СНХ: САҒЫНТАЙ ЕЛУБАЕВ, АКАДЕМИК, А. МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ// Әлеуметтік сала болсын, экономика саласы болсын көп өзінің үлесін қосқан адам. Скл +Ең басты келген мақсаты Президентіміздің айқан бес әлеуметтік бағдарламасы бойынша түсіндіру жасау. Бағдарламаның студент жастар үшін маңызы өте зор. Общежитие дейміз, стипендия, басқасын тағысын тағы жеңілдіктер жоспарланған. ///

 

РКС: Университет оқытушыларымен өткен маңызды кездесу Халық қаһарманы, ҚР тұңғыш қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың аудиториясында ұйымдастырылуы тегін емес. Жиында профессорлық құрам студент-жастардың бойында патриоттық қасиеттерді дамытуға ерекше ден қойып отырғандығы тілге тиек етілді. Мәжіліс депутаты Жексенбай Қартабайұлы Елбасы Жолдауында атап көрсетілген 10 басым бағыттың әрқайсысына жеке жеке тоқталды. Халық қалаулысының пікірінше бағдарламалық құжатта бекітілген стратегиялық жоспар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңаша серпін береді. Ендігі мақсат Жолдаудың жүйелі түрде жүзеге асуына ат салысу.

СНХ: ЖЕКСЕНБАЙ ДҮЙСЕБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ /// Мемлекетіміздің өзге де қарыштап дамыған елдер қатарынан ойып тұрып орын алуы үшін жалғыз депутаттардың еңбегі жеткіліксіз. Ол үшін әрбір қазақстандық елдің өркендеуіне өзіндік еңбек сіңіруі қажет. Ортақ іске жұдырықтай жұмылып жұмыс істесек қана оң нәтижеге қол жеткізе аламыз. ///    

РКС: Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев университет ұжымының Президент жүктеген әлеуметтік бес бастаманы жүзеге асыруға бағытталған ауқымды жұмыстарына сәттілік тіледі.   

Е.Серікбай

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
18:43, 25 қыркүйек 2018
ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар