ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ӨЗЕКТІ ӘЛЕУМЕТТІК САУАЛДАРҒА НАҚТЫ ЖАУАП

14:45, 10 маусым 2019

РКС: Халық табысының өсуі-дамудың ең негізгі тетігінің бірі. Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз. Сол себепті Тұңғыш Президент - Елбасы ағымдағы жылдан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды.  Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды.

СНХ: ЖАНСАЯ ЖАНҰЗАҚОВА, АУДАНДЫҚ КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ (ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ) /// Елбасы Жолдауы арқылы елдің тұрмыс-тіршілігінің дамуын, әлуметтік жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр.01:17 Тұңғыш Президентіміз қандай да болса да тапсырма жүктесе, соны біз ел болып қолдауға тиіспіз.

РКС:  Тұңғыш Президент - Елбасы биылғы жылғы Жолдауында еліміздің тірегі – жастар мәселесіне жете мән бергендігімен аса маңызды болып отыр. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат дүние. Жолдауда жоғары оқу орындарында мамандық алып шыққан жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрып, елімізге қызмет етуі мәселесі қоғамның даму тенденциясын анықтайтын фактор екендігіне зор мағына берілген. 

СНХ: ЕКПІН СӘБЕТХАН, АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ (ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ) //// Барлығымыз білетіндей, Тұңғыш Президентіміз биылғы жылды жастар жылы деп жариялады. Бұл жастарға артылып отырған үлкен үміт.Биыл біздің ауданымызда жастарға арналған шағын орталық ашылған бұл жерге жастар келіп өз ойларын айтып, пікірталастар ұйымдастырады.

РКС: Жолдау - болмысы бөлек өзегі ортақ материалдық және рухани мәдениеттің дамуындағы сара жол. Ой-рухани мәдениеттің мәйегі, Елбасы жолдауында айтылған барлық пікір-ойлар елдік мәдениеттің болашағы.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЦИФРЛАНДЫРЫЛҒАН ЗЕРТХАНА
14:38, 19 шілде 2019
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЦИФРЛАНДЫРЫЛҒАН ЗЕРТХАНА
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
14:38, 19 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢ...
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
14:38, 19 шілде 2019
ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНДЫҒЫ 16 МЫҢ МЕТР ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГІЛУДЕ
19:12, 12 шілде 2019
ҰЗЫНДЫҒЫ 16 МЫҢ МЕТР ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГІЛУДЕ
Толығырақ...