ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ТӘРБИЕ – ТАЛ БЕСІКТЕН!

14:39, 15 мамыр 2019

РКС: Тұңғыш Президент-Елбасының Жолдауы – жаңа мақсаттарға жетелейтін ең басты құжат болып табылады. Жолдауда аталған барлық шаралар, бірінші кезекте, табыстың тұрақты өсуіне және әлеуметтік дамудың басты салаларына бағытталған.

СНХ: ГҮЛНӘР ТӨРЕБЕКОВА, №12 «МЕРЕЙ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ/// Биылғы Президенттің Жолдауы біздің қазақстандық азаматтардың әлеуметтік және экономикалық жағдайларын жақсартуға өте көп жұмыс атқару керек екенін, сонымен қатар, мақсат пен міндеттердің орындалуын айтып, соны халыққа жеткізді.  Және де педагогтың мәртебесі жайлы заңды құрастыруға тапсырма беріліп отыр. Жыл сайынғы Жолдаулар біздің Қазақстан азаматтарының экономикалық жағдайын және тұрмыстық жағдайының жақсаруына көп көңіл аударғаны біз үшін қуанарлық нәрсе.

РКС: Маңызды құжатта әлеуметтік салаларды дамытуға, білім беруге, денсаулық сақтауға, спортқа және халықты әлеуметтік қорғауға қатысты мәселелер қамтылды. Әсіресе, мамандардың жалақысын көтеру туралы тапсырмалар көпшіліктің көңілінен шығып отыр.

СНХ: ГҮЛДЕН МАҚЫШЕВА, ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ/// Мен Тұңғыш Президент-Елбасыға үлкен алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, елдегі саясатты толығымен қолдаймын. Қоғамда мұғалім мәртебесін көтеру – қажеттілік деп санаймын. Себебі, біз өз басымдықтары бар жаңа дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Қоғамды жаңғырту үшін ұстаздың қоғамдағы мәртебесі биік болуы тиіс. Сол себепті, мен бұл заң қабылданатынына сенімдімін.

РКС: Тұңғыш Президент-Елбасы атап көрсеткен алты негізгі бағыт халықтың жағдайын жақсарту жолдарын анық көрсетті. Жолдауда аталған міндеттерді іске асыру – халықтың өмір сүру деңгейі мен еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға серпіліс әкелмек.

АЙЖАН АҚТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
18:11, 27 мамыр 2019
ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Толығырақ...
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  БАСТАЛДЫ
18:11, 27 мамыр 2019
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
20:31, 23 мамыр 2019
СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Толығырақ...
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:39, 22 мамыр 2019
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АН...
Толығырақ...