
Адами капиталдың басты айқындаушы факторы - білім көкжиегі. Өнеркәсіптік револяция бірқатар салаларға түбегейлі өзгеріс әкелмек. Демек, жас буынның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі - ел дамуының өзегі.
Білім беру саласындағы тың өзгерістер толқыны ақмолалық мектеп тәлімгерлеріне жаңа мүмкіндіктер ұсынуда. Өңірде заманауи технологиялық өзгерістердің басым бағыттары - комьпютерлік бағдарлау, робототехника, 3Д принтер тәрізді жаңалықтар білім ошақтарында қолданысқа енгізіліп отыр.
Білім саласындағы өзгерістерге бейім болу және тәлімгерлердің жаңа білімді меңгеру қабілетін шыңдау. Бұл - ұстаздар қауымының алдына қойылған міндет. Оның тиісті деңгейде атқарылуы жас буынға өз заманының көшбасшысы болу мүмкіндігін ұсынады.
Ауғанбек Манарбекұлы