ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

ЕЛБАСЫНЫҢ БАСТАМАЛАРЫ. ЖАРҚЫН БАҒДАРЛАМАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

15:03, 11 қаңтар 2019

РКС: Өткен жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған 5 әлеуметтік бастамасын ұсынған болатын. Соның ішінде халыққа берер пайдасы мол, «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту». Бұл жұмыс  биылғы  жылдың 1 қаңтарынан бастап,толықтай күшіне ене бастады. Яғни жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүйесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салуды ұсыну көзделіп отыр.

СНХ: ГҮЛДИНА ӘЛСЕЙІТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ////  Елбасының бес әлеуметтік бастамасы қазіргі уақытта халық арасында зор қолдауға ие болып отыр. Әсіресе жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын арттыру үшін салық жүктемесін азайту өте орынды бастама. Бұл арқылы халықтың жағдайы қатты артып кетпесе де, әл-ауқатының жақсара түсуіне мүмкіндік туады.

РКС: «Әрбір отбасыға баспана алудың жаңа  мүмкіндіктерін беру» бастамасын іске асыру үшін бекітілген «7-20-25» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға ипотекалық қарыздар ең төменгі 7 пайыздық мөлшерлеме, кредиттелген тұрғын үйдің құнынан 20 пайыз алғашқы жарнамен 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қазірдің өзінде аталған бағдарлама қарқынды жүзеге асырылып жатыр. «7-20-25» бағдарламасының бұрын іске асырылып келген, қазіргі кезде қолданылатын бағдарламалардан ерекшелігі онда нысаналы мемлекеттік қаржыландырудың болмауында. Бағдарлама кредиттік ресурстардың тез қайтарылуын қамтамасыз ету үшін қор нарығында ұзақ мерзімді ресурстарды тарту есебінен қаржыландырылады.

СНХ: ДӘУЛЕТ ЖАҚАШ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ///// Менің ойымша Елбасының бес бастамасы әсіресе «7-20-25» бағдарламасы халыққа баспана алуға үлкен мүмкіндік сыйлап отыр. Бізде бұрын-соңды мұндай жеңілдік болмаған. Бұл үлкен мүмкіндік. Баспана мәселесінің шешілуі халықтың әл-ауқатының артуына мүмкіндік береді.

РКС:  Бағдарламаны іске асыру Қазақстан азаматтары үшін көптен күткен баспанасын сатып алу мүмкіндігін беріп, ипотекалық кредиттеу қарқындарын жандандырады және тұтастай алғанда ел экономикасының дамуына оң әсер етеді.           

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:26, 18 маусым 2019
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНД...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСАТЫ
19:06, 18 маусым 2019
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар