ШҰҒЫЛ! СӘРСЕНБІНІҢ СӘТІНДЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР ЖОЛҒА ШЫҒАДЫ Толығырақ

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ 12 ПРОЦЕНТКЕ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН

19:43, 15 қыркүйек 2020

ДИКТОР: Көкшетауда электр энергиясымен қамтамасыз етудің бағасы көтерілуі мүмкін. Осыған орай бұл жоба көпшілік талқысына салынды. 1 қазаннан бастап  тариф бағасының қандай болатынын монополияға қарсы ведомство анықтайды.

РСК: "Көкшетау Энерго" компаниясы Ақмола облысының 3 ауданына қызмет көрсетеді. Тыңдауда қолданыстағы бағаның 12 процентке көтерілуі мүмкін деген болжам айтылды.

СНХ: ГҮЛШАТ ИРЖАНОВА, "КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ///аударма///Бізде тарифтің өсуі станцияларда бағаның көтерілуіне байланысты. Тасымалдау тарифі көтерілді. Осыған байланысты біз тарифті 12 процентке көтеруді ұсынамыз. Яғни, 2 теңге 40 тиынға қымбаттатсақ деген болжамымыз бар. Неліктен тарифті көтеретініміз туралы көпшілік тыңдауында түсіндірдік.

РСК: Сату бағасының жобасына электр энергиясын сатып алу, тасымалдау құнындағы айырмашылық нәтижесінде алынған үнемдеу мен шығындар кіреді.

СНХ: НҰРЛАН ЖАЛҒАСБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма/// Бәрімізге белгілі, 1 шілдеден бастап энергия көзінің  бағасы 25 процентке дейін өсті. Осыған байланысты, аталған серіктестік алдағы уақытта бағаның 12 процентке дейін көтерілетіні туралы хабарлады. Бұл жоба ұсынылды, дегенмен мәселе әлі қаралады.  Барлық растайтын құжаттар мен негіздеуші материалдарды назарға алып,  шешім қабылданады.

РСК: Айта кетейік, 26 қыркүйекке дейін хабарламаны қарауға қатысты монополияға қарсы ведомство түпкілікті шешім шығарады. Естеріңізге сала кетейік, Көкшетау қаласы тұтынушыларының электр энергиясына қарызы 321 миллион теңгеге жеткен.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ЗАРИНА ДҮЙСЕКЕЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СӘРСЕНБІНІҢ СӘТІНДЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР ЖОЛҒА ШЫҒАДЫ
20:07, 30 қараша 2020
СӘРСЕНБІНІҢ СӘТІНДЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР ЖОЛҒА ШЫҒАДЫ
Толығырақ...
«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНАН АЛТЫ ҮМІТКЕР  САЙЛАУҒА ҚАТЫСАДЫ
18:50, 30 қараша 2020
«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНАН АЛТЫ ҮМІТКЕР САЙЛАУҒА ҚАТЫСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ  СЪЕЗІ ӨТТІ
19:40, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ СЪЕЗІ ӨТТІ
Толығырақ...