ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАП ҚОРЫ МОЛАЯ ТҮСУДЕ

18:38, 26 қазан 2020

ДИКТОР: Жаңа технологиялар кітапханаларға да жетті. Бүгінде рухани азық орындарының саны өсіп, ондағы кітап қоры заман ағымына сай қайта жаңаруда.  Біразы сандық форматқа көшірілуде. Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап  кітапханасында «Алтын арқа»  ақпараттық  ағартушылық  орталығы  жұмыс  істейді.

РКС: Орталықтың бастамасымен күні бүгінге дейін 58 электронды басылымның презентациясы өткізілді. Электронды кітап қоры ең алдымен жастар үшін тиімді болып отыр. Смартфон арқылы кез келген жерде өзіне қажетті ақпарат ала алады. Ғылыми еңбектермен қатар, тарих, мәдениет салалары туралы тың мағлұматтар жинақталған.

СНХ: АИДА АМАНГЕЛДИНОВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ//қаз// Электронды басылымға енген кітаптардың авторлары  кітапханамен авторлық  келісім- шарт орнатты. Елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен  жарияланған цифрлық Қазақстан Жолдауын жүзеге асыру жолында Ақмола облыстық  кітапханасы көптеген істер атқаруда.

РКС: Электронды кітапханадағы туындылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде орналастырылған. Орталық автор мен оқырман арасындағы байланысты нығайту бағытында ілкімді істер атқарып келеді. Көкше өңірінің белгілі тұлғаларын, қоғам қайраткерлерінің өмір жолын насихаттауға қатысты жұмыстар әлі де жалғаса бермек.  

СНХ: АЙМАН ЖЫЛҚОЖИНОВА,  ОҚЫРМАН//қаз//Қазіргі заманауи электронды форматтағы  кітаптарды, құжаттарды алып оқу өте ыңғайлы.Бүгінгі оқырманға  3D форматында кітаптарды алып оқу, пайдалану  қолжетімді болып отыр. Осы жұмыстар өзіме ұнайды. Кітапханаға келіп тұрамын.

РКС: Айта кетейік, қазіргі уақытта 2 мыңға жуық кітап цифрландырылып,  оның 310-ы  Қазақстан ұлттық электронды кітапханасына тапсырылды және де 165-і Мағжан.kz порталында жарияланған.

ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар