ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКС ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНУДА

18:43, 20 қараша 2020

ДК: Жаңа әлеуметтік кодекс жобасы талқылануда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның өкілдері ақмолалық қоғамдық бірлестіктің жетекшілерімен жүздесіп, жаңа кодекс жобасын зерделеді. Жиында төлемдердің жариялылығы, әлеуметтік қызметкерлердің еңбек жағдайы талқыланды.

РКС: Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «Әлеуметтік кодекс» жобасын жасауды тапсырды. Қазір ел аумағында тиісті заң жобасы қызу талқылануда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыс тобы әр өңірдегі қоғамдық ұйым өкілдерімен жүздесуге ниетті. Әлеуметтік кодекске ақмолалық қоғам белсенділері де өз ұсыныстарын енгізбек.

СНХ: ЖҰМАЖАН ЖҮКЕНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІНІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ///қазақша/// 01/36 Осы айтылған ұсыныстарды біз министрлікке жеткіземіз, оны жұмыс тобы өз қызметінде ескереді. Бұл әлеуметтік кодекс адамдарға арналған. Сол себепті біз қарапайым адам мүддесі үшін жұмыс істеп жатқанымызды жеткізуге келдік. + Біз республика көлемінде бірнеше кездесулер, дөңгелек үстелдер өткіздік. Ал, өңірге шығуды, міне, Ақмола облысынан бастап отырмыз.

РКС: Әлеуметтік қамқорлықты барынша ашық жүргізу мақсатында сандық төлем жүйесіне көшу ұсынылды. Бұл мұқтаж жандарға медициналық құрылғыларды сатып алу, емдік шаралар мен күтім көрсетудің сапасын бақылауға мүмкіндік береді.   

СНХ: ВАСИЛИЙ ШИМАНСКИЙ, «ШАНС» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ///орысша///00/25///Әлі де ескерілмеген жағдайдар анықталуда. Оларды ортаға салып, ой бөлісу үстіндеміз. Жаңа ұсыныстар айтылуда. Қазір бастысы, асығыс шешім қабылдамай, барлығын жан-жақты ойластыру. Ешбір әлеуметтік топ, немесе әлдебір түйткілді мәселе ұмыт қалмауы тиіс. Себебі, кодекс қабылданған соң оған толықтырулар мен түзетулер енгізу қиынға соғады.

РКС: Конституцияда Қазақстан – әлеуметтік мемлекет ретінде танылған. Алайда, еліміздегі әлеуметтік сала 17 заң мен 100-ге тарта заңнамалық актілер арқылы реттелуде. Бұл азаматтардың әлеуметтік құқықтарын жүзеге асыруына кері әсер етіп отыр. Жаңа кодекс осы түйінді тарқатуға бағытталмақ.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар