ШҰҒЫЛ! ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ. ӨРКЕНДІ ІС. АЙШЫҚТЫ БАҒЫТ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЕКПІН ЕРЕКШЕ БОЛМАҚ

21:36, 14 ақпан 2020

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Ақкөл ауданына жұмыс бабындағы іссапармен барды. Аймақ басшысы Еңбек ауылында орналасқан  мәдени-спорт кешені мен   орта мектептің,  №10 Агротехникалық колледжінің және де "AlatauMashroomLand» шампиньон саңырауқұлақтарын өсіру фермасының жұмыс барысын бақылап, аудан әкіміне атқарылуы керек тапсырмаларды жүктеді.   

РКС: Өңір басшысы Ермек Маржықпаев Еңбек ауылында орналасқан  мәдени-спорт кешенінің жұмыс барысымен танысты. Нысанның жалпы ауданы  1239 шаршы метр. Жылыту жүйесі- орталықтандырылған. Ауылдық мәдени-спорт кешенінде көпшілік іс-шаралар, мерекелік концерттер мен маңызды жиындар өткізіледі. Кешенде 10 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істеуде. Сонымен қатар,  ғимаратта ауылдық кітапхана мен спорт зал орналасқан. Бұдан бөлек облыс әкімі Ермек Боранбайұлы «Еңбек» орта мектебінің ұжымымен жолықты. 1970 жылы қабырғасы қаланған білім ордасына соңғы рет жөндеу жұмысы 2016 жылы жүргізілген. Атап айтар болсақ 1 миллион теңгеден астам сомаға спорт залының шатыры жөнделген.

ИНТЕРШУМ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ/// Ақкөл ауданы бойынша 13 мектепті күрделі жөндеуден өткіздік...

РКС:   Ақкөл ауданы бойынша өткен жылы өз ісін бастаған  31 жас кәсіпкер мемлекеттік қолдауға ие болып,  жалпы сомасы 82 миллион теңгеден астам несие алған. Бұдан соң өңір басшысы Ермек Маржықпаев Ааудан орталығында орналасқан №10 агротехникалық колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты. Екі тілде мамандарды даярлайтын колледжде бүгінгі таңда 285 студент білім алуда. Жылу жүйесі-автономды, сумен жабдықтау орталықтандырылған, студенттер үшін интернет желісі қосылған. Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев Ақкөл орта мектебінің ұжымымен де кездесті.  Мектептің жалпы сыйымдылығы 540 оқушыға арналған. Қазіргі кезде  568 оқушы 2 ауысым бойынша  білім алуда. Аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 47 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, облыс әкімі Ермек Боранбайұлы жалпы құны 53 милион теңгені құрайтын "AlatauMashroomLand шампиньон саңырауқұлақтарын өсіру фермасының жұмыс барысын бақылап, алдағы жоспарларымен танысты.  Ферманың Қазақстан бойынша 4 дүкені қызмет атқарады. Айта кету керек, соңғы екі айда  600 кг өнім жиналып алынған. Алдағы уақытта өнімнің санымен бірге сапасын да арттырып, сұранысты күшейту жоспарланып отыр. Осылайша серіктестік жергілікті 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.    

ИНТЕРШУМ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ  ///  Жылына қанша тонна өнім аласыздар?

РКС:  Ақкөл ауданының жалпы жер көлемі 8,2  шаршы метр. Бұл жерлердің басым көпшілігі ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылады. Өткен  жылдың 1 желтоқсанындағы санақ бойынша  халық саны 25699 адам.  Ақкөл ауданының негізгі айналысатын кәсібі ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу, құрылыс материалдарын өндіру, астық өндірісі, мал және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу болып табылады. Былтырғы жылдың қорытындысына сәйкес ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 20,2 миллиард теңгені құраған.   

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ ЕРМЕК МАХМЕТОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ОБЛЫСТАҒЫ 6 БІЛІМ ОШАҒЫНДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
19:41, 14 ақпан 2020
ОБЛЫСТАҒЫ 6 БІЛІМ ОШАҒЫНДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
18:51, 13 ақпан 2020
«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
Толығырақ...
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР
15:31, 12 ақпан 2020
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮР...
Толығырақ...