ШҰҒЫЛ! СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ӘР БЕРГЕН БАҒДАРЛАМА

19:48, 15 қыркүйек 2020

ДК: Аршалы ауданында орналасқан агротехникалық колледж жаңа жатақханамен жабдықталды. Жылдар бойы бос тұрған ғимаратты қалыпқа келтіруге «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 133 млн. теңге жұмсалған. Мемлекеттік бағдарлама аясында жаңаша түрленген әлеуметтік нысандармен әріптесім Ауғанбек Манарбекұлы танысып қайтты.   

РКС: «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы әлеуметтік нысандарды жаңғыртып, білім беру, денсаулық сақтау салаларына оң ықпал тигізді. Аршалы агротехникалық колледжі жыл санап қанатын кеңге жайып келе жатқан оқу орны. Кәсіптік мамандықтарға қызығушылық артуымен байланысты білім орндасында жатақхана тапшылығы туындаған.

СНХ: ТАТЬЯНА ЭНГРАФ, АРШАЛЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ///аударма/// «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында біздің колледжімізде екі жоба жүзеге асырылды. Оқу ғимаратының шатыры алмастырылып, жаңа зертхана ашылды және жатақхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Осы мақсатқа 133 млн. теңге бөлінді. Жатақхана ғимараты 8 жыл бойы концервациялық сақтауда тұрған еді. Ауыл балаларының саны артуына байланысты 90 орындық мына жатақхананы қолоданысқа әзірледік.

РКС: Колледж «Жас маман» жобасы бойынша да оқу курстарын ұйымдастыруда.  «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында өңірдегі орта білім беру мекемелеріне де қолдау көрсетіліп, жөндеу жұмыстары жүргізілген.

СНХ: МЕРЕКЕ МОЛДАХМЕТОВ, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///қазақша/// Жол картасын айтсақ. Волгодоновка ауылының орта мектебіне 50 млн. теңгеге жөндеу жұмысы жүргізілді. Ол жерде шатыры, терезелері мен есіктері ауыстырылды.

РКС: Аршалы аудандық ауруханасы коронавирус инфекциясымен күресте 100 жастағы кейуаны ажалдан арашалап қалған. Білікті мамандар еңбек еткен ұжымға материалдық қолдау көрсету мақсатымен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында ғимаратқа 70 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламаның игілігін көрген нысандардың бірі - Аршалы аудандық мәдениет үйі.  Оны озық үлгіде жабдықтауға 34 млн. 820 мың теңге бөлінген. Одан өзге 3 нысанға да жөндеу жүргізілуде.  

СНХ: АБАЙ ҚАЖЕТОВ, АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///қазақша///«Жұмыспен қамтудың жол картасына» сәйкес республикалық бюджеттен ауданымыздың мәдениет саласына қаражат бөлінді. Оның ішінде 55 млн. аудандық мәдениет үйіне бөліп, оның 34 млн.-ы жөндеу жұмыстарына жұмсалды. Сол сияқты, Михайловка ауылының мәдениет үйіне 13 млн. теңге қаражатқа, Костантиновка ауылының мәдениет үйіне 12 млн. теңгеге ремонт жүргізілді. Қазіргі таңда респукбликалық «Жұмыспен қамту» бағдарламасына сәйкес 3 мәдениет ошағына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

РКС: «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы Аршалы ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғыртуға елеулі ықпал тигізді. Бағдарлама аясында өңірдің 54 тұрғыны жұмыспен қамтылды.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
19:25, 23 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...