ШҰҒЫЛ! 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ Толығырақ

ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

18:10, 29 қараша 2019

 


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні еліміз үшін маңызды да ұлы мерекелердің бірі. Атаулы күн қарсаңында облыстың тарихи-өлкетану музейі сонау қиын қыстау кезеңде  Тұңғыш Президент-Елбасымен бірге ел өркендеуіне қызмет етіп, тарихта аттары қалған өңір ардагерлерімен кездесу кешін ұйымдастырды.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ, РЕДАКТОР

Біз дәл қазір бүгінгі ұрпақ үшін мәні мен маңызы зор «Елбасы және Тәуелсіздік» залында тұрмыз. Менің тұсымда тұрған жәдігерлер Елбасының қызметтік киімдері және де жүріп өткен жолынан түйген еңбек кітаптары. Бұл құндыдүниелерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының   кіпапханасысиға тартқан.

2018 жылыеліміздің бас қаласы- Астана шаһарының 20 жылдығын мерекелеу және де «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында облыс әкімдігінің қолдауымен «Елбасы және Тәуелсіздік»  тарихи залының жаңа экспозициясы ашылған болатын. Төрт бөлімнен құралған залда Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шақтағы естен кетпес естеліктері мен Егемен Қазақстанның құрылуы мен даму жолындағы тұлғалық рөлін бейнелейтін түрлі мәліметтер мен жәдігерлер қойылған.

ӘЙГЕРІМ АЙДАРБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ 

Бұл залда Елбасының тұлға ретінде қалыптасуынан бастап, осы күнге дейінгі ел басқарғандағы атқарылған ауқымды жұмыстары қойылған. Төрт бөлімнен тұратын залда Елбасының, ата-аналарының шежірелері, маңызды құжаттар орын тепкен. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының   кіпапханасы сыйға тартқан іскерлік және де спорттық киімдерінің түпнұсқасы сақталған.

Мемлекет басшысының кең ауқымды бастамаларының арқасында еліміз күллі жаһанға мәшқұр болып, әлемдік қоғамдастықтың толықтай заңды мүшесі атанды. Шараға  Елбасының қолынан Алғыс хат алып, көзін көрген көнекөз ардагерлер,облыстық мәслихаттың депутаты Елена Мащинская мен Көкшетау қаласының құрметті азаматы Болат Жанәділов арнайы келіп,  ел үшін туған ердің халыққа жасаған еңбектерін тілге тиек етті.

БОЛАТ ЖАНӘДІЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Қымбатты көкшетаулықтар баршаларыңызды  Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке біздің ел көлемінде ғана емес, басқа елдерде де тойлануда. 90-шы жылдары мен Қазақ ССР жоғары кеңесінің депутаты едім, сол кездері біз жиі кездесіп тұрдық. Жиындарды бізге сыртқы экономиканы, елдегі жағыдайды бізге  түсіндіріп айтып отыратын.  Әрқайсымызға тапсмырма ретінде халыққа түсіндіріңдер, осы қиыншылықтардың барлығы уақытша  өтет, кетет өндірістер орынына келеді деп жиі айтып отыратын. Міне, сондай ауқымды жұмыстарды бірге атқарып,  осындай дәрежеге жеттік.

ШарадаТұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлының 30 жылдай ел басқаруда қолға алынған стратегиялық жоспарлары, маңызды шешімдері, халқына арнаған Жолдаулары насихатталды.2012 жылдан бастау алған бұл мейрам-ұлттық мерекелердің бірі болып қала бермек.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ, ЕРМЕК МАҚМЕТОВ«КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
18:14, 13 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
18:12, 13 желтоқсан 2019
6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖАСТА!
18:10, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15:41, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...
 «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
15:41, 13 желтоқсан 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ...
Толығырақ...
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛОН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
17:21, 12 желтоқсан 2019
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛО...
Толығырақ...