«ЕЛІМ-АЙ» СПОРТТЫҚ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Спорттық алаңда мемлекеттік қызметкерлердің арасында футболдан жолдастық кездесулер өткізілетін болады.

20:19, 14 шілде 2017   156

Спорттық алаңда мемлекеттік қызметкерлердің арасында футболдан жолдастық кездесулер өткізілетін болады. Қазіргі күні елімізде бұқаралық спортты дамытудың маңызды екені белгілі. Бұл, әрине, мемлекеттік қызметкерлерге де қатысты. Сондықтан, жаңа спорттық алаң салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметкерлердің дене шынықтыру және әскери дайындығын арттыру мақсатында ашылып отыр.  

Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің 25 жылдығына орай, биыл Ақмола облысындағы мемлекеттік органдардың арасында спартакиада өткізілген болатын. Салтанатты шарада сайыстың қорытындысы белгілі болды. Жеңіл атлетика, жүгіру, жүзу спорты бойынша үздік шыққан мемлекеттік органдардың командалары арнайы жүлделермен марапатталды. Сондай-ақ, спорттық алаңның ашылуына өз үлесін қосқан және өңірдің спорт саласының дамуына елеулі еңбек сіңірген азаматтар да Алғыс хаттарға ие болды. Одан соң облыс әкімі Мәлік Мырзалин спорттық  алаңның лентасын қиып, салтанатты түрде пайдалануға беруге қатысты.

Айта кету керек, «Цесна банк» еліміздің спорт саласының дамуына өз үлесін қосып келе жатқан ірі қаржы ұйымдарының бірі. 2007-ші жылдан бері банк облыс мақтанышы «Арлан» хоккей клубының ресми демеушісі болып табылады. Мұндай жарқын жобалар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.  

Салтанатты шарадан соң, облыстық әкімшілік пен «Цесна банктің» өңірлік филалының қызметкерлері футболдан жолдастық кездесу өткізді.

Нұргүл Нұрбайқызы 

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75