ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ЕЛІМ ДЕЙТІН ЕР ЕДІ...

19:34, 6 мамыр 2020

 

ДК: Гитлершілердің зәресін ұшырған «Катюша» деген ең жойқын, әрі ең отты қаруда жауға қарсы оқ жаудырған қазақтың ержүрек жауынгерінің бірі - Ақтан Төлеубаев. Ол 1942 жылы 17 жасында қан майданға өзі сұранып барады. Отаны үшін от кешкен азамат қанды жорықтардың талайын басынан өткізіп, ерлігі үшін қатарынан екі рет «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Соғыс ардагері Ақтан Төлеубаев  жаудан азат еткен елін қалпына келтіруге де зор үлес қосқан белгілі мемлекет қайраткері. 

 

РКС: «Катюша» - Ұлы Жеңістің айқын символына айналған отты қару. Майдангер  Ақтан Төлеубаев небары 17 жасында өзінің білімі мен жауынгерлік рухының арқасында гвардияның минометшілер бөлімінде жауға қарсы соғысқан. Ауыр артиллерия полкына гвардия сержанты ретінде қабылданып, кейін атақты «Катюшаның» командиріне айналады.

СНХ:  МҰРАТ ТӨЛЕУБАЕВ, АҚТАН ТӨЛЕУБАЕВТЫҢ ҰЛЫ///аударма: Әкем 17 жасында соғысқа өзі сұранып, барған. Соғыстың басынан аяғына дейін ерлікпен жауға қарсы тұрды. Ол өз елінің шын патриоты еді. Өзі артиллерист болғандықтан, сол әнді жақсы көретін. Бала кезімде маған да үйретіп, артиллерист әнін бірге шырқайтынбыз. Сөздері әлі есімде. Әкемнің өн бойы өз еліне деген патриоттық сезімге толы болды. Саналы ғұмырын халқының игілігі үшін еңбектенуге жұмсады да ғой. ///

РКС: Ақтан Төлеубаев қанды жорықтардың талайын ержүректілікпен басынан өткізіп, жеңіс мерекесін Чехословакияның астанасы Прага қаласында қарсы алды. Асқан ерлігі үшін екі рет «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды.
Елге оралған соң қажырлы еңбек етті. 1947 жылы партия комитетінің нұсқаушысы, Атбасар аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеді. Ал, 1950 жылы Ақмола облыстық партия комитетінің ұсынысымен Целиноград, Атбасар аудандарында атқару комитеттерінің төрағасы болды. 1963 жылы Алексеев ауданының, ал, 1966 жылы Қорғалжын ауданы партия комитеттерінің бірінші хатшысы лауазымдарында жемісті еңбек етті.  Әсіресе, оның соңғы аталған өңірге сіңірген еңбегі орасан зор. Ел тізгінін ұстаған азаматтың өңір  шаруашылығын, экономикасын көтеруге қосқан үлесі зор болғанын айту қажет. Ақтан Төлеубаев сондай-ақ, орман шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары болған. Ел азаматтары ардагердің қайраткерлік, азаматтық, тұлғалық қасиеттерін жоғары бағалап, сыйлады. Осынау тұлғаның еңбек жолы әдеби кітапқа да арқау болды.

СНХ: СӘБИТ ДОСАНОВ, ЖАЗУШЫ  ///Ешкімге ұқсамайтын мемлекет қайраткері болатын. «Тау жолы» деген романымда атын ашық жаза алмайсың. Тарихын жазып шықтым. Арманым сол жылдың көркем тарихын жазу. Съезге барғанын бердім. Әдемі образын жасап шығардым.///

РКС: Ақтан Төлеубаев өз Отанының нағыз азаматы болып, ерен еңбегінің арқасында ұлт мақтанышы дәрежесіне көтерілген бірегей тұлға. Ол еліне аянбай сіңірген еңбегінің арқасында патриоттықтың нағыз үлгісін көрсетті. Соның нәтижесі болар, бүгінде өзі еңбек еткен аудандағы орта мектеп Ақтан Төлеубаевтың есімімен аталады. Білім ошағына қоғам және мемлекет қайраткерінің мүсіні де орнатылған.

 

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...