ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

ЕЛОРДАЛЫҚ МАМАНДАР ЖЕРГІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

18:32, 14 тамыз 2019

ДИКТОР: Елордалық хирург мамандар облыстық дәрігерлерге арнап екі шеберлік сағатын өткізді. Ота түрлері мен жалпы тренингтің тақырыбы ұйқы безінің қатерлі ісігі және түрлі жарақаттардың алдын-алу шараларын жандандыру. Біздің түсірілім топ осындай ауру түрлеріне ота жасау барысымен танысып қайтты.

РКС: Ұйқы безінің қатерлі ісігі - өте күрделі аурулардың бірі. Әдетте, диагнозы кеш анықталады. Онкология диагнозын гистологиялық қорытындыдан кейін жасауға болады. Айта кетейік, облыста бұл дерт бойынша 9 мыңнан астам адам тіркелген. Семинар-тренингті ұлттық ғылыми медициналық орталықтың хирургия бөлімінің меңгерушісі Ержан Шаяхметов жүргізді. Ол бір ай бұрын «обструктивті сарғаю» аурыуна шалдыққан науқасқа ота жасады.

СНХ: ЕРЖАН ШАЯХМЕТОВ, ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ  БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ Ұйқы безі басы мен денесінің үштен бірін, асқазанның 1/5 бөлігін жайлаған. Жалпы өт жолымен өт қабы алынып, он екі елі ішек 1толығымен шығарылды. Бүкіл ісікті алып тастағаннан кейін, ұйқы безінің қалған бөлігі, жалпы өт жолдары басқа циклға түсіріледі. Содан кейін ол асқазанға тігіледі - анестомоз қолданылады. Содан кейін ол аш ішекке қосылады. Яғни, бұл жағдайда ас қорыту циклі бұзылмайды.  

РКС: Шеберлік сағаттың тақырыбы жол апатынан зардап шеккен, биіктен құлаған, өндіріс орындарында жұмыс барысында  жарақат алған науқастарды құтқару тақырыбына арналды. Қатысушылар өлім көрсеткішінің жоғарылауын ескере отырып, семинарда қозғалып отырған тақырыптардың өзектілігін тілге тиек етті.       

СНХ: АЙДОС ҚОНҚАЕВ, ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ Біз осындай ауыр науқастарды емдеудің теориялық аспектілерін анықтап алдық. Сондай-ақ, интраоперация-седация мен созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді жоспарлы отаға дайындау мәселелерін қарадық. Практикалық бөлімде, біз ота түрінде әртүрлі жарақаттармен, артероскопиялық оталарда , сондай-ақ ортопедиялық араласуларда интраоперациялық седацияның бірнеше көрсеткішін жүргіздік.

СНХ: ЮРИЙ КАБАРГИН, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ Ілеспе жарақаттарды емдеу өте өзекті. Мұнда көптеген мамандықтардың мүдделері және көптеген мәселелер мен міндеттер тоғысады.Ауыр науқастың емін бірнеше маман емдемек. Бірнеше жарақаттың бірден болуы Хирург, травматолог, нейрохирург, реаниматолог  мамандарың көмегін қажет етеді.Бұл жерде ақхалаттылар тез әрі нақты диагноз қоя білуі маңызды. Политравмманы емдеу барысында бригаданың жүйелі жұмысы өте маңызды. Сонымен қатар анестезиологтарды  құралдармен қамтамасыз ету аса қажет.  

РКС: Ақ халатты абзал жандар түрлі жарақаттарды емдеу стандарттарына, әлемдік тәжірибені талдауға және оны Қазақстанда қолдануға қатысты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, көпшілікті шұғыл көмекті ұйымдастыру, техникалық жабдықтау, кадрлар және бірнеше ауыр жарақаттар болған кезде неғұрлым тиімді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселелері қызықтырды. Жергілікті дәрігерлер дәрігерлердің айтуынша , жаңа әдістемені меңгеру арқылы , отаны мейілінше қауіпсіз жасауға жол ашылады. Сондай - ақ, науқасты республикалық ғылыми орталықтарға тасымалдаудың қажеттілігі болмайды. 

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ , ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, АСЕЛЬ ТУРАР, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КОКШЕ АКПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
19:38, 6 желтоқсан 2019
БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
19:20, 6 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:28, 3 желтоқсан 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...