ШҰҒЫЛ! ЕЛИЗАВЕТА СИНЕЛЬНИКОВА - ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ Толығырақ

ЕЛОРДАНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕЛДЕУІ ДАМУДА

16:16, 4 қараша 2019

 


Бүгінде Ақмола облысының 17 ауданы Бас шаһарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Кезінде Елбасы бастамасымен құрылған ауқымды жоба қазіргі уақытта өңірдегі өндірістің өрлеуіне ықпал жасап, аймақ экономикасының жандануына оң әсерін беруде. 2021 жылға дейінгі Жол картасы аясында тың жобалар қолға алынуда. Әріптесім Ердігүл Дәдібас баяндайды.

Республика көлемінде ауылшаруашылығы қарқынды дамыған көшбасшы аграрлық-индустриялық өңір саналатын Ақмола облысы Елорданың азық-түлік белдеуін жасақтау бағытында қыруар еңбек атқаруда.

БОТАГӨЗ БІРКЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ  АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

Елбасы жүктеген міндетемелерге сәйкес облысымызда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бас қаланың тұрғындары тұтынатын ет, сүт өнімдерінің 33-34 пайызын, жұмыртқа, картоп өнімдерінің 90 пайызын, көкөністердің 30 пайызын біздің облыстың өнімдері құрайды. Астана азық-түлік белдеуін дамыту бағытында 10 жыл көлемінде жалпы сомасы 138 млрд теңге құрайтын 148 жоба жүзеге асырылған. Облыс бойынша қазіргі уақытта 128 кәсіпорын өз өнімдерімен қамтамасыз етеді. Барлық тауарлар Нұр-Сұлтан қаласындағы Метро, Астықжан, Магнум, Рамстор сауда нүктелері мен Еуразия, Әлем, Шапағат сынды базарларға жеткізіліп отырады.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету есебіне тоқталсақ, 280 мың тонна сүт өнімдеріне қажеттілік туындап отырса, облыс 9 айда 95 мың тоннасын, яғни 34 пайызын, 63 мың тонна ет өнімін керектенсе, 21 мың тонна, яғни 33 пайызын, 229 миллион дана жұмыртқаның 215 миллионын, яғни 94 пайызын, 83 мың тонна картоп қажеттенсе, 66 мың тоннасын, яғни 80 пайызын, 75 мың тонна қажет көкөністің 18 мың тоннасын, яғни 25 пайызын жеткізген. Жыл аяғына дейін әлі де бірталай өнім бас қалаға жөнелтіледі. Сауда-логистика инфрақұрылымын дамыту бағытында азық-түлік өнімдерін делдалсыз астана нарығына тікелей шығаратын «АҚМОЛ» арнаулы дүкендер желісі құрылды.  

ГҮЛМИРА ЖАЗИНА, «ЕСІЛ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ   ОРЫНБАСАРЫ:

 Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының түрлі аудандарында орналасқан «Ақмол» сауда үйі аясында 5 дүкен жұмыс істейді. Құрылтайшысы  болып саналатаны «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының үлесі 40 пайыз, ал қалған 60 пайызы «Ақмол» дүкендер желісіне өнімдерін жеткізетін облысымыздың 10 тауар өндіруші кәсіпорындарына тиесілі. «Ақмол» дүкендерінің сөресіне өңірдің ірі кәсіпорындарының тауарлары қойылады, атап айтсақ, «Агрофирма Родина», «Ижевский», «Ряба» тауық еттерін өндіретін «Капитал Проджектс ЛТД», «Гормолзавод», «Бижан» және «Жақсы» сауда үйінің тауарлары.

2021 жылға дейінгі Жол картасы бағдарламасы аясында 7200 ірі қара мал басы бар  сүт өнімдерінің 5 фермасын құру, сонымен қатар, суармалы жер аумағын 18 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
16:59, 13 қараша 2019
БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
16:17, 13 қараша 2019
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
16:15, 13 қараша 2019
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
17:36, 12 қараша 2019
БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
Толығырақ...
 «ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
17:20, 7 қараша 2019
«ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...