ШҰҒЫЛ! 25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ Толығырақ

Е.МАРЖЫҚПАЕВ: «...ЕҢ АЛДЫМЕН САПАҒА МӘН БЕРУ КЕРЕК»

19:38, 19 қараша 2020

ДК: Биыл Целиноград ауданындағы Қосшы ауылын дамытуға 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның ішінде ауылішілік жолдарды жөндеуге және жарықпен жарақтандыруға екі миллиардқа жуық қаражат қарастырылған. Осы жылы жиырма шақырымдай жол жөнделіп, елдімекеннің іші абаттандырылды.

РКС: Ауылдың орталық көшелерінің біріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Абай көшесінің шамамен үш шақырымы жөнделді. Десе де, ауылда әлі де бірнеше үлкен көше жөндеуді қажет етеді.

СНХ: АРМАН ЖҰМАҒҰЛОВ,  АУДАНДЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШСІ ///аударма///Бізде 84 көше күрделі жөндеуді қажет етеді, бұл шамамен 59 шақырым жол. Жоба құны 8 миллиард теңгеден асады. Қазір бізде Қосшы ауылындағы ішкі жолдарды жөндеудің екінші кезеңі жүріп жатыр. Оған 7 көше кіреді. Көкшетау және Ұлы дала көшелерін асфальт бетонмен жабамыз. Міне, біз тұрған Абылайхан көшесінің екі шақырымын асфальттадық. Енді тағы тағы бір шақырымы қалды.

РКС: Ауылда жолдардан бөлек, жарықпен қамтамасыз ету құрылғылары мен сумен жабдықтау желілері де жаңартылды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///рус///Біз сумен жабдықтауға қатысты жоспарлаған жұмыстарды сәтті  аяқтадық. Лесная Поляна елдімекенін жарықпен қамтамасыз ету жұмысын толық аяқтадық. Елдімекен тұрғындарының саны жыл озған сайын артып келеді. Суы , жылуы, электр жарығы жоқ шағын аудандар өте көп. Сондықтан, жобалық-сметалық құжаттаманы уақытында жасау керек. Біз бұл мәселені қалай қаржыландыру керектігін әлі де қарастырамыз. Әрине, бәрін жедел жасау үшін тағы бір маңызды мәселе бар. Ең бастысы жұмысты сапалы атқарып, құжаттаманы уақытылы жасау керек.

РКС: Сондай-ақ, өңір басшысы елорда маңындағы елді мекендерді дамытуға баса назар аудару керектігін атап өтті. Жалпы, алдағы уақытта Целиноград ауданын өркендетуге қосымша қаражат бөлінбекші.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ///рус/// Біз өткен жылы осы ауданға 14 миллиард теңге бөлсек, биыл ол қаржы 25 миллиард теңгеге жетті. Яғни, шет аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша бәрі жоспардағыдай. Нұр-Сұлтан қаласының маңын кешенді дамыту бағдарламасына қатысты да ауқымды жұмыстар қолға алынған. Бәріне уақытылы үлгеруіміз қажет. Қазір барлық мемлекеттік бағдарламаларға екпін беруіміз керек. Одан соң біздің жоспарларымызды қолдау үшін тағы да министрліктермен, Үкіметпен келіссөздер жүргіземіз.

РКС: Дегенмен, кемшіліктерде жоқ емес. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс барысындағы олқылықтарды тез арада қалыпқа келтіруді міндеттеді. Ауданда құрылыс жұмыстарының барысы  тиісті деңгейде қадағаланбаған. Мәселенің түп төркіні осыда, - деді өңір басшысы.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АСЛАН ӘБУТАЛИПОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 12 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
19:43, 25 қараша 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 12 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫ...
Толығырақ...
25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ
19:41, 25 қараша 2020
25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ  СЪЕЗІ ӨТТІ
19:40, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ СЪЕЗІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар