ШҰҒЫЛ! ДАУЫЛДЫҢ САЛДАРЫНАН БІР АДАМ МЕРТ БОЛДЫ Толығырақ

ЕМХАНА ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ АРНАЙЫ СӨМКЕЛЕР САТЫП АЛЫНДЫ

15:09, 9 қаңтар 2020

 


Қалалық емхана жалпы практика дәрігерлеріне, педиатр, терапевт пен медбикелеріне  медициналық құрал-жабдықтар салынған сөмкелер  табыстады. Олардың көмегімен енді ақ халаттылар өз емделушілеріне сапалы қызмет көрсете алады.

Офтольмоскоп және отоскоп. Енді жалпы практика дәрігерлерінің дәл осындай құралдары бар. Ақ халаттылар отоларинголог пен окулистерден  білім  алып,  оны практика  жүзінде қолданбақ. Мұндай тәжірибе Мәскеуден алынды. Бұл тар бейінді мамандарға келушілердің санын азайтады.

 АЙДАНА ЖҮНІСБЕКОВА, ЖАЛПЫ ПРАКТИКА ДӘРІГЕРІ

Мына  құрылғы  отоскоп деп аталады. Ол арқылы біз құлақ ауруларын анықтаймыз.  Мұнда әр түрлі өлшемдер бар. Яғни балаға да, үлкенге де қолдануға болады. Балалар мен ересектердің көз түбін зерттеу әдісі  офтольмоскоп  деп  аталады.Мына құрал пикфлоуметр деп аталады. Ол  кеудені  тексеруге  арналған. Біз балалардың тамырын тексеріп, бір жасқа дейінгі сәбилердің тыныс алу жиілігін анықтаймыз.

АРМИНЭ  ТОРОЯН, ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Біздің емханадағы жалпы практкиа дәрігерлеріне, педитар мен терапевттерге балалар мен ересектерді қарауға арналған арнайы сөмкелер сатып алынды.  Енді медициналық тексеріс неғұрлым нақты болмақ. Бұдан бөлек, біздің бөлімшелік медбикелерге де арнайы сөмкелер қарастырылған. Оның ішінде  таразы, бойды өлшегіш, енді туған сәбилерден бастап, 5 жастан асқан балаларға арналған манжеттер бар.

Жаңа медициналық жабдықтардың көмегімен енді жалпы практика дәрігерлері тар бейінді мамандардың көмегінсіз өздері-ақ диагностика жасай алады. Осылайша жалпы саны 60 медициналық сөмке сатып алынды.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,  НУРСУЛТАН ИБРАЕВ, БАУРЖАН СМАГУЛОВ, КОКШЕ АКПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
19:30, 3 сәуір 2020
КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
Толығырақ...
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
20:18, 6 сәуір 2020
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
Толығырақ...