ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ЕМХАНАЛАР ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС РЕЖИМІНЕ КӨШТІ

21:11, 22 мамыр 2020

 

Диктор кадрда: Көкшетаудағы нөмірі 1 қалалық емхана бұрынғы режимде жұмыс істеуге көшті. Бірақ бұл шектеулерді мүлдем алып тастады деген сөз емес. Санитарлық талаптар әлі де өзекті.

РКС: Емханаға кіре беріске арнайы бекет қойылған. Медициналық қызметкерлер мен келушілер ара қашықтық сақталған термометриядан өтеді. Дене қызуы барлар бірден фильтр кабинетке жіберіледі.

СНХ: АЙКӨРІМ КӘРІМОВА, №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///Сәуір айының басы мен 18 мамыр аралығында емханаға шектеу шаралары енгізілген. Арнайы қаулыға сәйкес емхана бұрынғы қалыпта жұмыс істеуге көшті. Яғни таңғы 8-ден кешкі 10-ға дейін. Сенбі күні таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін. Және жексенбі күні 9-дан күндізгі екіге дейін. Бірақ шектеулер толық алынып тасталған жоқ. Міндетті түрде маска режимі және емделушілер арасындағы қашықтық сақталуы шарт. /

РКС: Ал дәрігер қабылдауына тек алдын-ала жазылу арқылы бара аласыз. Үйде жұмыс істеу, яғни қашықтан кеңес беру қызметі жалғаспақ. Дәрі-дәрмекті үйге жеткізіп беру жұмысы да оң жолға қойылған.

М.АЙБАБИНА, ЗАРИНА ДҮЙСЕКЕЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТАРҒА ДЕЙІН ҚЫСҚАРДЫ
19:48, 15 қыркүйек 2020
ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТА...
Толығырақ...
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
19:58, 16 қыркүйек 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...