ШҰҒЫЛ! ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ Толығырақ

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН АҚ ХАЛАТТЫЛАР

17:33, 25 мамыр 2020

 

ДИКТОР:«Денсаулық сақтау ісінің үздігі». Облыстық көпбейінді ауруханасы эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі, жас маман Айнұр Қалидолла төсбелгімен марапатталды. Коронавирус індетімен күресте тәулік бойы алғышепте  еңбек еткен дәрігерлердің ерен еңбегі денсаулық сақтау министрлігі тарапынан осылайша бағаланды. Біздің түсірілім топ  эпидемиолог дәрігерді құттықтап қайтты.

РКС: Айнұр Қайратқызы 21-ші наурыздан бері қауіпті індетке қарсы күресте алдыңғы шепте қызмет етіп келеді. Ақ халатты абзал жан  2015 жылы Астана медицина  институтының  қоғамдық денсаулық  факультетін  аяқтаған. Алғашқы еңбек жолын Ақкөл аудандық ауруханасында бастаған. Соңғы екі жыл облыстық көпбейінді ауруханасында қызмет етуде. Эпидемологиялық бөлімінің меңгерушісі.

СНХ: АЙНҰР ҚАЛИДОЛЛА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ  ЭПИДЕМИОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ//ҚАЗ//Біздің қызметіміз төтенше жағдай кезінде ерекше қажет болды. Сол себепті күні-түні талмай еңбек еттік. Жуырда денсаулық сақтау министрлігінің төсбелгісіне ие болдым. Бұл мен үшін зор мәртебе. Бұл еңбекте әрине біздің бөлімнің медбикилерінің де үлесі бар.  

РКС: Эпидемиолог маманның  облыстық ауруханада  жұмыс істегеніне екі жыл. Десе де, аз уақыт ішінде өзінің кәсібилігін, білімімен өзгелерден ерекшеленді. Қызметіне адал.   

СНХ: ШЫНАР ЫБЫРАЕВА, МЕЙІРБИКЕ //РУСС//Біздің эпидемиологиялық бөлімнің жұмысы негізінен аурухана ішіндегі  инфекцияның  алдын-алу. Әрине, инфекциялық бақылау біздің назарда. Жас болса да жұмыс барысында өзінің біліктілігін көрсете білді. Ұжым арасында сыйлы. Құрметке лайық.           

РКС: Айта кету керек, денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Ақмола облысы бойынша 10 дәрігерге төсбелгі тағылды. Бүгінгі күннің батырлары саналған дәрігерлер  аптасына демалыссыз 7 күн жұмыс істеген.  

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ   «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕМЕЙДІ
20:04, 7 тамыз 2020
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕМЕЙДІ
Толығырақ...
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
20:04, 7 тамыз 2020
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КУРОРТТЫ БУРАБАЙ КЕНТІНЕ АПАРАР ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ
19:08, 3 тамыз 2020
КУРОРТТЫ БУРАБАЙ КЕНТІНЕ АПАРАР ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
19:48, 5 тамыз 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
Толығырақ...