ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ...

13:15, 22 мамыр 2020

ДИКТОР: «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қалалық жұмыспен қамту орталығы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қабылдауды жүзеге асырады. Бұл бағдарламаға жұмыссыздар, студенттер мен жоғары сынып оқушылары қатыса алады. Жазғы демалыс кезінде және оқудан кейінгі бос уақытында мемлекеттік мекемелерге жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бар.

РКС: Тағы бір атап өтерлігі, бұл жұмыс оқу процесіне кедергі келтірмеуі тиіс. Әрі денсаулыққа да зиян болмауы шарт. Ал еңбек етіп, адал ақша табам дейтін жастар жұмыспен қамту орталығына барып, қажетті құжаттарын өткізіп, өтінім берсе болғаны. Бүгінде ниет білдірген студенттердің қарасы көп. Сәуір айынан бастап жұмысқа орналасуға 30-дан астам студент өтінім берген. Олардың барлығы да келісілген мемлекеттік мекемелерде жұмыстарын бастап кетті.

СНХ: ГҮЛНӘР ТӘТЕНБАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ (аударма) // Студенттер өтінім беру үшін жеке куәлігін, оқу орнынан анықтама және банктен есепшот ашқандығы туралы арнайы қағазын ғана тапсыруы қажет. Жұмысқа орналасу үшін арнайы білімнің қажеті жоқ, олар көмекші ретінде мемлекеттік мекемелерге құжаттарды өңдеу жұмыстары бойынша қызметке орналаса алады. //

РКС: Тамирис 1-курс студенті. Нұрсұлтан қаласында Евразия Ұлттық Университетінің ғылыми география мамандығында оқиды. Жазғы демалысын тиімді өткізейін деген мақсатпен жұмыспен қамту орталығына өтінім берген. Мемлекеттік тапсырыстар жөніндегі  басқармаға жұмысқа орналасқан.

СНХ: ТАМИРИС МУТАЛЛАПОВА, СТУДЕНТ (аударма) // Кеше өтінім беруге келіп, бірден келісімге отырдым. Ертең жұмысқа кірісемін. Бұл мен сияқты қарапайым студент үшін үшін бір жағынан үлкен тәжірибе,  екіншіден болашақта кез-келген салада қызмет атқара алатын маман болуыма да көмектеседі деп ойлаймын. //

РКС: Қоғамдық жұмыстардың мерзімі 7 ай. Еңбек ақысы 57375 теңгені құрайды. 16 мен 18 жас аралығындағы студенттер немесе жоғары сынып оқушылары ата-ананың келісімі көрсетілген хаттаманы тапсырулары қажет. 

ТҰМАРЫМ БАБАСАНОВА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...