ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

ЭПИДЕМИЯЛЫҚ АУРУҒА ШАЛДЫҒУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕДІ

14:15, 13 тамыз 2019

ДК: Ақмола облысында эпидемиялық ауруға шалдығатындар көрсеткіші 13 пайызға төмендеген. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімованың қатысуымен өткен жиын барысында айтылды. Сондай-ақ жиында  медицина ғылымдарының докторы Шахмұрат Исмайлов  туберкулезбен күрес жүргізудегі өзге де аймақтардың жетістігімен бөлісті.

РКС: Облыс орталығында туберкулездің алдын-алу, және оның таралуын шектеу шаралары жайлы жиын өтті. Жиын барысында өңірдегі эпидемиялық ауруларға шалдығатын азаматтар саны 13 пайызға төмендегені тілге тиек етілді. Ал, аурудың таралу деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 11,7 пайызға азайып отыр.  Дертке шалдыққандарға әлеуметтік көмек көрсету деңгейі 5,9 пайызды яғни, 51,4 миллион теңгені құрайды. Статистика жақсы сандарды көрсеткенімен, барлық тиісті мекемелер стандарттарды толық орындамай жүргені анықталған.  Орындалмаған істер қатарында ауруды дер кезінде анықтап, оның алдын-алу шараларының ақсаң тартып отырғаны басты орында. Бұдан бөлек, жиын барысында білім ошақтарындағы, облыс аудандарындағы дертке шалддыққан азаматтарға қолданылып жатқан шаралардың эффективтілігі тілге тиек етілді.

СНХ: ШАХМҰРАТ ИСМАЙЛОВ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ   Бүгінгі жиынға қатсып отырғаныма өте қуаныштымын. Негізінен Ақмола облысы туберкулезбен күрес жүргізу бойынша еліміздің алдыңғы қатарлы өңірлерінің бірі. Бүкіл облыстарда тиісті шаралар жүзеге асырылып жатқанымен, дәл мұндай эффективтілік байқалмайтын аймақтар да баршылық. Ал, сіздерде барлық аудандармен тығыз қарым-қатынас байқаладаы. Бұл мені қатты таңдандырды.

РКС: Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау Ассамблеясы туберкулезге қарсы 20 жылға жоспарланған стратегиясын жариялаған болатын. Аталған мерзімде туберкулезді анықтап, оның таралуын тоқтау мақсатында барлық мемлекеттер кешенді емдеу шараларын күшейткен. Ал, 2035 жылға дейін мақсат толық орындалар болса, туберкулезге шалдыққандардың 90 пайызға жуығы тиісті ем алып, ауруды анықтаудың және оның алдын алудың тиімділігін толықтай арттыру жоспарлануда.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ, ДАРХАН САҒЫН, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
18:31, 16 тамыз 2019
САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
18:28, 16 тамыз 2019
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
Толығырақ...
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
18:22, 16 тамыз 2019
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...