ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ Толығырақ

ЕРІКТІ САҚШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЮДЕ

19:36, 13 тамыз 2020

ДК: Тәртіп сақшыларының сапындағы облыс тұрғындары патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге профилактикалық акцияларға белсене қатысуда. Тұрғындар   ерікті түрде атсалысып жатқанын айта кету керек. Ал, полиция қызметкерлері  ақмолалықтардың осындай игілікті істеріне алғыс білдіріп, марапаттауды дәстүрге айналдырған. Мысалы, биыл сыйақының сомасы екі жарым миллион теңгеден асты.

РКС: Ақмола облыстық полиция департаментінің жанында 243 қоғамдық құрылым жұмыс істейді. Ол топтарға 1 мыңнан астам ерікті жұмылдырылған. Бірлесе атқарған жұмыстарының  нәтижесінде көптеген қылмыс ашылды.

СНХ: НҰРБЕК ШӘКӘРІМОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ//аударма///Жыл басынан бері еріктілердің  көмегімен 180-нен астам қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. 150 құқық бұзушы ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

РКС: Қоғамдық тәртіпті сақтауға қолдау көрсету мақсатында полицияның әрбір учаскелік бекетінде арнайы кеңестер құрылды. Яғни, еріктілермен бірге тек құқық қорғау органдарының қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар сала ардагерлері де тікелей байланыста. Олардың да  үлесі қомақты.

 СНХ: ДАМИР ЗЕЙНУЛЛИН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЛАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ///7 айдың қорытындысы бойынша ішкі істер министрлігі зейнеткерлерінің көмегімен 9 - дан астам қылмыс анықталды + Бұдан басқа, жоғары оқу орны, колледждер, білім беру органдарының жас қызметкерлерінен 12 жедел-жастар жасағы құрылды. Қылмыстарды ашуға және құқық бұзушыларды құрықтауға ішкі істер органдарына белсенді көмектескен  жекеменшік күзет ұйымдарының 6 қызметкеріне облыстық полиция департаментінің басшылығы 33 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақымен марапаттады.

РКС: Ақмолалық тәртіп сақшыларының айтуынша, биыл еріктілердің саны едәуір артқан.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, АЙГЕРІМ СҮЛЕЙМЕНОВА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, , КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАНДЕМИЯНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ
19:34, 21 қыркүйек 2020
ПАНДЕМИЯНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар